×

Кеген ауданына Олимпиада жүлдегері әкім болып тағайындалды

Бұған дейін аудан әкімінің міндетін Кеңес Қабылбеков атқарған

Кеген ауданына Олимпиада жүлдегері әкім болып тағайындалды
egemen.kz

Грек-рим күресінен Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаев Алматы облысы Кеген ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Qaz365.kz

Бұған дейін аудан әкімінің міндетін Кеңес Қабылбеков атқарған. Нұрбақыт Теңізбаев болса, осыған дейін Алматы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасын басқарды.

Нұрбақыт Молдахметұлы 1983 жылы 10 сәуірде Алматы облысы, Панфилов ауданы, Үшарал ауылында туған. Грек-рим күресінен бірнеше дүркін Азия чемпионатының жүлдегері. 2008 жылғы Бейжің олимпиадасының вице-чемпионы.2009 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері . 2014 жылдан бері Алматы облыстық жоғарғы спорт шеберлік мектебінің директоры қызметін атақарып келген.

Талдықорған қаласының және Панфилов ауданының құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
1 мамырдан бастап Қазақстан әуежайларында авиациялық қауіпсіздік шаралары күшейтілді
Бүгін, 19:13

1 мамырдан бастап Қазақстан әуежайларында авиациялық қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Осыған байланысты жолаушылар әуежайларға ертерек келуі керек
Еріктілерді, азаматтық белсенділерді, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдерін және басқаларды
Бұл – татулық пен тыныштықтың, тұрақтылық пен  бейбітшіліктің символы саналатын мерейлі мереке
Қазақстандағы резонансты сот процесі ол жақта да айтылып жатқаны жөнінде ол жақында видео жариялады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →