×

Балалар Бурабайдағы лагерьде қалай демалып жатыр

Ас үйдегі егеуқұйрық уы, 10 немесе одан да көп бала жатқан бөлмелердің көгеруі мен жағымсыз иісі

Балалар Бурабайдағы лагерьде қалай демалып жатыр
ҚазАқпарат

Жақында сауна ғимаратында ашылған балалар лагері қазақстандықтарды дүр сілкіндірген еді. Ата-аналардың бірі түсірген видеода жартылай жалаңаш ер адамдар шомылып жүрді, бірақ автордың наразылығынан келушілер де, лагерь басшылығы да қысылмады.

20 шілдеден бастап Қазақстан прокурорлары мемлекеттік, жеке және шатырдағы балалар лагерлеріне кешенді тексеру жұмыстарын бастады.

ҚазАқпарат агенттігі мен Jibek Joly телеарнасының түсірілім тобы Ақмола облысының балалар лагерінде оқушылардың қалай демалып жатқанын көруді ұйғарды.

Ас үйдегі егеуқұйрық уы, 10 немесе одан да көп бала жатқан бөлмелердің көгеруі мен жағымсыз иісі – «Самұрық» балалар сауықтыру орталығындағы фототілші объективіне енген жалғыз көрініс емес.

Балалардың айтуынша, елордадан қонақтар келерде оларға нағыз мереке ұйымдастырылған – бассейнде жүзуге рұқсат берген, тіпті балмұздақ пен табиғат аясына шығу уәде етілген. Бірақ, оған дейін балаларды бөлмелерін тазартуға мәжбүрлеген, алайда әкімшілік балалар көмегімен антисанитария іздерінен арыла алмады.

Ғимараттағы дымқылдық, кір киімдердің және кәріздің иісі – бәрі араласып, қолқаны қабады, бірақ балалар бұл иіске үйреніп те кеткен секілді.

Далада бір корпустың маңына жиналған балаларды байқадық. Олар мұнда дүкен жұмыс істейтінін айтты. Лагерь аумағында бизнес нысаны болмауы керек. Алайда, лагерь иесі Гүлнар Әбуталипова бұл фактіге еш қысылған жоқ.

Асханаға барғанда одан да көп сұрақтар туындады. Ас үйде ашықтан-ашық жатқан егеуқұйрық уы тым тосын жағдай болды.

Асхананың өзі тағам дайындайтын орынға ұқсамайды: онда тамақ дайындауға арналған ыдыстың өзі жоқ. Балалар да мұнда нашар тамақтандыратынын айтып шағымданды, тіпті кейде суып қалған кешкі ас береді екен. Бірнеше күн бұрын олар қатты күріш жеуге де мәжбүр болған. Алайда, лагерь иесі балалардың бұл шағымын жаңа ортаға бейімделу процесіне сілтеді.

Балалардың айтуынша, осындай кешкі астан кейін бір қыз ауырып, медициналық пунктке жүгінген. Біз де медициналық пунктті көруге бардық, бірақ жұмыс орнында ешкім болған жоқ.

«Бұл қызды облыстық балалар ауруханасына апардық. Онда соқырішекке тән айқын белгілер болды. Өзім де түнде сол жақта болдым. Ол сынама тапсыру үшін ауруханада қалды», - деп жауап берді лагерь басшысы.

Арада 40 минут өтті, медбике сол күйі келмеді.

Тексеру тобындағы құқық қорғаушылар бұл лагерьдегі душ пен дәретхана тергеу изоляторын есе түсіргенін айтады. Септиктен шығатын жағымсыз иістен соң балалардың мұнда қалай шомылатынын ойлау қиын.

Жалпы, балалар рагері қараусыз қалған ғимаратта орналасқан секілді. Лагерь құрылған 1976 жылдан бері ешқандай жөндеу жұмыстары жүргізілмегендей.

Кеңес дәуірінен қалған есіктер кілтпен жабылмайды, ауыстыруды қажет етеді, ал тұтқасы бүгін болмаса ертең түсіп қалардай күйде.

Үстел үстінен энергетик сусындардың бос банкаларын таптық, яғни олар жақын маңдағы буфетте балаларға емін-еркін сатылады. Лагерь басшысы бұл фактіні жоққа шығарады.

Одан бөлек, пиаладағы темекі тұқылы, балалар бөлмесінің түтін сіңген қабырғалары қайран қалдырды.

Лагерь әкімшілігі балаларды люкс, жартылай люкс және эконом қағидатымен орналастырғаны анықталды. Кей балалар люкс бөлмесінде тұрамын деп мақтанады, ал эконом бөлмедегі балалар еш жағдай жасалмаған бөлмеде жатырмыз деп шағымданады. Барлық үш түрлі бөлмені көрген соң, біз айтарлықтай айырмашылықты байқамадық, айырмашылық тек бөлмедегі балалар санында болды.

«Біз қыздарды люкстер мен орта люкске, ұлдарды эконом бөлмелерге орналастырамыз», - деп түсіндірді лагерь басшысы.

«Неліктен балалар мұндай жағдайда тұрып жатыр?» деген сұраққа лагерь басшысы кейде балалар асыра сілтейді деп жауап берді.

«Ғимаратқа тұтастай қайта жөндеу жүргізе алмаймыз. Мұнда бәрі осылай салынған. Бұл - типтік жобалар. Біз 15 жыл бойы 2 миллион долларға жуық несие төледік», - деді Гүлнар Әбуталипова.

Айналада бәрі сұрықсыз және көңілсіз көрінеді, тек балалар салған патриоттық суреттер ілінген жіңішке арқан ғана ерекше көзге түседі. Немқұрайлылыққа тап болған ересек балалар ғана ата-анасына хабарласып, алып кетуін өтінген.

«Біздің чатта барлық мәселе анықталып жатыр. Ата-аналарымыз бізді басқа лагерьге жібергенін немесе бір вагонмен Маңғыстауға қайта апарғанын қалайды», - деді Ақтаудан келген қыздар.

Журналистермен бірге «Самұрық» лагерін Ақмола облыстық прокуратура қызметкерлері де қарады. Бұл олардың алғашқы келуі емес. Нормаларға сәйкес бөлмеде үш баладан артық болмауы керек.

«Жуырда біз басқа да лагерьлерге бардық. Қожайындары екі жыл ішінде 90 млн теңге салған. Бұл лагерьлер де кеңес заманынан қалған, бірақ қаражат салынған, барлығы нормаларға сәйкес келеді. Бұл лагерь 2003 жылдан бері жұмыс істейді және біз жағдайды көріп отырмыз. Осы уақыт ішінде жағдайды сәл де болса жақсартуға болар еді. Лагердің жобалық қуаты – 100 адам. Бірақ тексеру кезінде 250 бала жатқаны анықталды», - деді прокурордың көмекшісі Бақтияр Сатыбаев.

Оның айтуынша, мұндай лагерьлерді демалыс маусымы қызып тұрғанда жабу қиын болады. Балаларды қайтадан тұрғылықты жерлеріне жіберуге тура келеді, ал пойызға билет жоқ. Дегенмен, келесі жылы мұндай демалыс орындары балаларды қабылдамауы мүмкін. Алайда құзыретті органдар қанша жыл бойы бұзушылықтарға көз жұмып, рұқсат беріп келді деген сұрақ туындайды. ҚазАқпарат редакциясы облыстық әкімдікке және санэпидбақылау департаментіне сауалдар жолдады.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Бүгін, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →