×

Алматыда «құқық қорғау органының қызметкері» кәсіпкерден 390 мың АҚШ долларын талап еткен

Сондай-ақ оны тінту кезінде 470 мың АҚШ доллары табылды

Алматыда «құқық қорғау органының қызметкері» кәсіпкерден 390 мың АҚШ долларын талап еткен
assembly.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет кәсіпкерді пара беруге итермелеген Алматы қаласының тұрғынын әшкереледі, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол өзін құқық қорғау органының қызметкері ретінде таныстыра отырып, кәсіпкерлік субъектісіне қатысты тексеру шаралары жүргізіліп жатқандығы туралы жалған ақпарат берген. Күдікті өзінің делдалдық қызметтерін ұсынып, мәселені шешу үшін 390 мың АҚШ долларын талап еткен.

Кәсіпкер алаяқтық әрекеттерге бой алдырмай, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жүгінгеннен кейін, күдікті ақшаны алу кезінде ұсталды.

“Сондай-ақ, аталған азаматтың тұрғылықты жерін тінту кезінде қосымша 470 мың АҚШ доллары табылды.

Олардың қайдан алынғаны және ұсталған адамның басқа қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде”, – делінген хабарламада.

Сот күдіктіге қатысты «қамауда ұстау» бұлтартпау шарасын тағайындады. Тергеу жалғасуда.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабына сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматы әкімі тазарту құрылыстарын жаңғырту және «Сорбұлақ» жинағышының жағдайымен танысты
Кеше, 15:01

Алматы әкімі тазарту құрылыстарын жаңғырту және «Сорбұлақ» жинағышының жағдайымен танысты

Алматы әкімі су тазарту нысандарын аралап, жаңғырту шараларын күшейтуді тапсырды
«Алматы жылу жүйесі» ЖШС қала тұрғындарын жауапкершілік танытуға, қарызды жинамай, жылумен жабдықтау қызметін уақытылы төлеуге шақырады
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Сабыржан Кәрімов Перизат Қайраттың сотты жабық өткізу жөнінде өтінішін қарап, шешім шығарды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →