×

Қазалыдағы төбелес: Соққыға жыққан жасөспірімдер жазалана ма

31 шілде күні алғашқы сот отырысы өтті

Қазалыдағы төбелес: Соққыға жыққан жасөспірімдер жазалана ма
t.me/egovpress

6 сәуірде Қызылорда облысының Қазалы ауданында мектеп оқушысы соққыға жығылған болатын. Бұл жағдай қоғамда резонанс тудырды. Кейін бала оқитын мектептің директорының екі орынбасары қызметінен босатылды. 31 шілде күні алғашқы сот отырысы өтті. Сот отырысының қалай өткенін Qaz365.kz тілшісіне соққыға жығылған баланың анасы Ақмарал Төлегенова айтып берді. 

“Алғашқы сот отырысы өтті. Істі Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы А. Сабыров қарауда. Соққыға жыққан екі бала кінәсін мойындап отыр. Бір тергеу ісінде қойылған сұрақтар бойынша балам Қуандық толық жауап берді. Соққыға жыққан жасөспірімдердің ата- аналары кешірім сұрап, дәрі-дәрмегіне де көмектеспеді. Ең бастысы іс әділ өтсе екен деп үміттенемін. Істі қарап отырған судья сот отырысын 7 тамызға қалдырды. Келесі сот мәжілісіне Қазалы аудандық полициясының тергеушісін,  төбелесті видеоға түсіріп, желіге таратқан жасөспірімнің қатысуын тапсырды”, – деді ол тілшіге берген сұхбатында.

Еске сала кетейік, 6 сәуірде Қызылорда облысы Қазалы ауданында мектеп оқушыларының арасында төбелес болды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бас-ми жарақатын алған 15 жастағы оқушы “жедел жәрдеммен” ауруханаға жеткізілген

Осы оқиғаға байланысты белгілі ақын, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қазыбек Иса өз пікірін білдіріп, қылмыстық істі Бас прокурор мен Ішкі істер министрінің қатаң бақылауға алуын талап еткен болатын. 

Анасының айтуынша, видеотүсірілімді 5 баланың ішіндегі біреуі түсіріп, ватсап желісіне “Қуандықтарыңды құлаттық” деп мақтанышпен салған

Кейін аудандағы бірқатар сала басшылары қызметтен алынды.

Анасының сөзінше, соққыға жыққан ата-аналардың ішінде «балаң тірі ғой, кешірім неге бермейсің» дегендері де болған. Баланың бір көзі көрмей қалған.

25 шілдеде оқиға тергеліп, іс сотқа жетті

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматылықтардың коммуналдық қарызы 2 млрд теңгеден асты
Кеше, 13:35

Алматылықтардың коммуналдық қарызы 2 млрд теңгеден асты

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС қала тұрғындарын жауапкершілік танытуға, қарызды жинамай, жылумен жабдықтау қызметін уақытылы төлеуге шақырады
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Сабыржан Кәрімов Перизат Қайраттың сотты жабық өткізу жөнінде өтінішін қарап, шешім шығарды
Санаулы сәттерден кейін Перизат Қайраттың соты басталады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →