×

Ерұлан Жамаубаев: Мен Нұрәлі Әлиевпен жеке таныс емеспін

Нұрәлі Әлиевтің «Транстелеком» АҚ директорлар кеңесін басқаратыны жайлы ақпарат тараған

Ерұлан Жамаубаев: Мен Нұрәлі Әлиевпен жеке таныс емеспін
Коллаж: Qaz365.kz

Кеше ақпарат құралдарында Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Нұрәлі Әлиевтің «Транстелеком» АҚ директорлар кеңесін басқаратыны жайлы ақпарат тараған. Бүгін Үкіметтің кулуарында премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев осыған қатысты жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz

«Транстелеком» компаниясының тікелей Үкіметке тиесілі акциялары жоқ. Бәлкім, «Қазақтелекомның» немесе басқа да акционерлік қоғамдардың үлесі бар шығар? Ал егер активтерді қайтару заңы аясында зерттелетін болса, қарастырылуы мүмкін.  Бұл бағыт бойынша тиісті комиссия құрылған жоқ. Бұл іспен бас прокуратураның арнайы ведомствосы айналысады. Бұл солардың құзыретіндегі жұмыс. Егер бүкіл критерийлер заң аясына сәйкес келіп тұратын болса, заң аясына тартуға мүмкіндік болса, әрине тартылады», – деді Ерұлан Жамаубаев.

Ол «Заңсыз активтерді қайтару заңы» бойынша бұл компанияны зерттеуге енгізу үшін не істеу керектігін айтты.

«Алдымен ведомство құрылуы керек. Екіншіден, арнайы тіркеу реестрі болуы тиіс. Сол реестрге критерийлер бойынша сәйкес келсе, сол акционерлері немесе басшылары тиісті декларацияларын береді. Қаншалықты заңды екені сол кезде көрінеді», – дейді министр.

Вице-премьер аталған компанияны елге қайтарылуы керек деп ойлайсыз ба деген журналистің сұрағына министр барлығы заң аясында болу керек екендігін айтты.

«Мен қандайда бір компанияны мемлекет меншігіне қайтара алмаймын. Мұның бәрі заң аясында шешілу қажет деп есептеймін. Заң аясында дәлелденсе, әрине қайтарылу керек. Ал Нұрәлі Әлиевпен жеке таныс емеспін», – деді ол.

Бұған дейін Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Нұрәли Әлиев «Транстелеком» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болған еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Бүгін, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →