×

Қарағандыда уланған балалардың арасында жетімдер де бар - Бала құқықтары жөніндегі уәкіл

Балаларға медициналық-әлеуметтік қызметтер көрсететін 84 мекеменің 20-сында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тұрады

Қарағандыда уланған балалардың арасында жетімдер де бар - Бала құқықтары жөніндегі уәкіл
inbusiness.kz

Қарағанды облыстық балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында жаппай уланған балалардың ішінде жетімдер де бар. Бұл туралы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“Қарағанды облыстық балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында балалардың жаппай улануына байланысты қазір Қарағандыдамын.

Өкінішке қарай, бір бала қайтыс болды. Оның ата-анасына қайғыра көңіл айтамын. Алты бала ауыр халде жан сақтау бөлімінде, жеті бала облыстық клиникалық ауруханада жатыр. Олардың арасында жетім балалар да бар.

Қазіргі таңда бұл оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, комиссия құрылды. Улану себептерін анықтау бойынша жұмыс жүргізілуде”, – деп жазды Зәкиева.

Балаларға медициналық-әлеуметтік қызметтер көрсететін 84 мекеменің барлығында Бас прокуратура кешенді тексеріс жүргізетін болады. Оның 20-сында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тұрады.

“Сонымен қатар, күзде өңірлерге іс сапарларымның аясында барлық балалар мекемелерін тексеруді жоспарлап отырмын.

Жалпы, бұл салада қазір біз мемлекеттік органдармен бірге балалаларға арналған мекемелердегі камераларды тікелей ЦОУ мен жауапты органдарға қосу бойынша жұмыс істеп жатырмыз

Сонымен катар, жұмыс жүргізу керек тағы біраз мәселе бар, солардың ішінде:

1. мамандарды даярлау сапасын, олардың деңгейін назарға алу керек; сондай-ақ олардың жалақысын арттыруды да қарастыру қажет.

2. Балалардың тамақтану нормативтерін қайта қарау және талаптарды қатаңдату қажет. Бейінді министрлікпен бұл бойынша да жұмыс істейтін боламыз”, – деді ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бүкіл Корея Бишімбаевты айтып жүр – қазақстандық мигрант
Бүгін, 11:11

Бүкіл Корея Бишімбаевты айтып жүр – қазақстандық мигрант

Қазақстандағы резонансты сот процесі ол жақта да айтылып жатқаны жөнінде ол жақында видео жариялады
Ол Бишімбаевтың Салтанатпен сөйлескен видеосының аудиосын жариялады
Бүгін блогер 24 сәуірде Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесіне қатысып, сот залына кірді
Жәбірленуші тараптың адвокаты Бишімбаевтан жауап алды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →