Жалақы 800 мыңнан жоғары
Желтоқсан айының басынан бері OLX-те Ресей басып алған Украинаның Мариуполь қаласына жұмыс істеуге шақыратын хабарламалар пайда болды, деп хабарлайды qaz365.kz
Хабарламада бұл "Ресейдегі жұмыс" деп жазған.
Жұмысқа бетоншылар, шатыршылар, тас қалаушылар, сантехниктер, слесарлар және т.б. шақырылады. Жалақы 100-120 мың рубль (808-882 мың теңге) шамасында. Өтініш берушілерге халал тамақ, тұратын жер және Ресей аумағынан трансфер уәде етілген. “Мариуполь қаласында қазірдің өзінде жұмыс істеп жатқан қазақстандықтардың фото-видеосы бар деп жазылған хабарламада. Жазбаны аты көрсетілмеген, фотосыз автор жариялаған.
Ұқсас хабарламалар knopka.k сайтында да жазылған.
“Мариуполь - бұрынғы Донецк облысындағы Украинаның қаласы. Құжат бойынша ресейлік болып саналады. Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Соғыс іс-қимылдары аяқталды. ТМД-ның түкпір-түкпірінен, соның ішінде Қазақстаннан келген азаматтар жұмыс істейді. Нысандағы жігіттердің суреттері мен бейнелері бар. Барлық аймақтың үміткерлері қарастырылады”,- делінген хабарламада.