×

«Істері дұрыс болса жұмыстан шығармас едім»: Министр Ахметжанов Шүменовті босатқан полицейлер жайлы

Журналистер Ахметжановтан боксшыны қоя берген полиция қызметкерлері жайлы сұраған

«Істері дұрыс болса жұмыстан шығармас едім»: Министр Ахметжанов Шүменовті босатқан полицейлер жайлы
total.kz

Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың айтуынша, халықаралық іздеу жарияланған боксшы Бейбіт Шүменовті іздеуге бюджеттен қаражат бөлінбейді. Министр барлық бағытта қайтару жұмысы толыққанды жүргізіліп, тиісті заңнамалық процессуалдық шешім қабылданатынына сенімді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Үкімет кулуарында журналистер алдымен боксшыны іздеуге бюжеттен қанша қаражат кететінін сұраған. Министр бюджетке ешқандай шығын келмейтінін айтады.

«Бізде басқа мемлекеттермен халықаралық келісімдер бар. Интерполға мүшеміз. Халықаралық мекемелердің бәріне тиісті хабарлама жолданады. Бізде де солай. Осылайша, бюджеттен бұл бағытта арнайы қаражат бөлінбейді», – дейді Ахметжанов.

Министрдің айтуынша, Қазақстан мен АҚШ арасында өзара құқықтық көмек беру жөнінде келісім бар. Мысал ретінде Қазақстанға Германиядан экстрадацияланған адамдарды айтты.

Марат Ахметжановтан журналистер іс ары қарай қалай өрбитінін сұраған. Алайда ол болжам айтпайтынын білдірді. Боксшының қылмысын ауырлығы орташа санаттағы қылмыс екенін, мұндай істерде тараптар татуласа да алатынын жеткізді. «Қазір барлық бағытта қайтару жұмысы толыққанды жүргізіледі де тиісті заңнамалық процессуалдық шешім қабылданады» дейді ол. 

Журналистер Ахметжановтан боксшыны қоя берген полиция қызметкерлері жайлы сұраған. 

«Егер олардың әрекетін дұрыс десем, мен оларды жұмыстан шығармас едім», – дейді Ахметжанов.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті
Бүгін, 17:20

Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті

Сарапшылардың айтуынша, ЕАЭО құрамындағы басқа елдердегі жоғары инфляция аясында Қазақстан баға өсімін тежеуді жалғастырып келеді
Аталған жағдай бірінші рет тіркеліп отырған жоқ.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2025 жылдың бес айында Қазақстанда 23,8 мың тонна балмұздақ пен тағамдық мұз өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (2024 жылғы қаңтар-мамыр - 20,3 мың тонна) 17,1% артық.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →