×

Қарағандыда балалардың улануы: 10 қызметкер қайтадан өз жұмысына кірісті

Екі медицина қызметкері - бөлім басшысы мен психиатр әзірге қызметінен шеттетілді

Қарағандыда балалардың улануы: 10 қызметкер қайтадан өз жұмысына кірісті
Александр Авилов / АГН «Москва»

Балалардың улану оқиғасынан кейін Қарағанды облысының арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының 10 қызметкері қайтадан өз жұмысына кірісті. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Айжан Есмағамбетова айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова облыс әкімі орынбасарының жетекшілігімен 10 тамыз күні Қарағанды ​​облысы бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында балалардың жаппай улану фактісін тексеру үшін комиссия құрылғанын айтты.

"Кеше комиссия шешім шығарды, 10 медицина қызметкері осы медициналық-әлеуметтік мекемеде тікелей қызметіне қайтарылды. Екі медицина қызметкері - бөлім басшысы мен психиатр әзірге қызметінен шеттетілді", – деді Айжан Есмағамбетова.

Еске салсақ, 30 шілдеде Қарағанды облысының Балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында бірнеше бала уланып, олардың біреуі қаза тауып, алтауы жансақтау бөліміне жеткізілді.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният осы жағдайға байланысты Қарағандыға барды.

Бас прокуратура осы іске қатысты ҚР ҚК-нің 304-бабының 2-бөлігі (ауыр зардаптарға әкеп соқтырған санитарлық ережелерді немесе гигиеналық нормативтерді бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

Тамыз айының басында Сотқа дейінгі тергеу аяқталғанға дейін тексеру кезінде орталық директорының міндетін атқарушы және осы орталықтың 12 медицина қызметкері жұмыстан және өз міндеттерін орындаудан шеттетілді.

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният хабарлағандай, дәрігер мамандар балалар токсикалық заттан қатты улануы мүмкін екенін айтып отыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті
Кеше, 17:20

Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті

Сарапшылардың айтуынша, ЕАЭО құрамындағы басқа елдердегі жоғары инфляция аясында Қазақстан баға өсімін тежеуді жалғастырып келеді
Аталған жағдай бірінші рет тіркеліп отырған жоқ.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2025 жылдың бес айында Қазақстанда 23,8 мың тонна балмұздақ пен тағамдық мұз өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (2024 жылғы қаңтар-мамыр - 20,3 мың тонна) 17,1% артық.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →