×

"Прокурордың ұлы": прокуратура Шымкенттегі гүл дүкенінде шу шығарған ер адам туралы мәлімдеме жасады

Ол 7 күнге қамалды

"Прокурордың ұлы": прокуратура Шымкенттегі гүл дүкенінде шу шығарған ер адам туралы мәлімдеме жасады
видеодан кадр

8 тамызда әлеуметтік желіде Шымкенттегі гүл сататын дүкенде болған оқиға бейнеленген видео тарады. Бейнежазбада ер адамның көшеде кіші дәрет сындырып, одан кейін дүкен қызметкерлерін үшкір затпен қорқытып, қатты балағат сөздер айтқанын көруге болады. Кейін ол "прокурордың баласы" деген қауесет тараған болатын. Шымкент қаласының прокуратурасы болған оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

"2023 жылғы 8 тамыз күні әлеуметтік желілерде және кейбір БАҚ-да гүл дүкенінің жұмысшыларына физикалық күш қолдану қаупін жасаған адам прокуратура қызметкерінің ұлы деген ақпараттар жарияланған. Ол адам прокуратура органдарына ешқандай қатысы жоқ екенін, прокуратура қызметкерлерімен туыстық қатынаста емес екенін хабарлаймыз", – делінген хабарламада.

Қалалық прокуратура құқық бұзушы анықталып, оған қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434 бабымен (ұсақ бұзақылық) хаттама толтырылғанын атап өтті.

Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 9 тамыз 2023 жылғы қаулысымен 7 тәулік қамақ түріндегі әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Вранчев Бишімбаевты Чикатилоға теңеді: сотталушының адвокаттары өре түрегелді
Бүгін, 11:09

Вранчев Бишімбаевты Чикатилоға теңеді: сотталушының адвокаттары өре түрегелді

Вранчевтің бұл сөзіне Бишімбаевтың адвокаты Лейла Рамазанова қарсы шықты
Өзін-өзі өлтіре алмаған кезде Бишімбаев әрекеттері үшін жауап беруі керек екенін түсінгенін айтады
Соттағы сөзін Әлмира Нұрлыбекова кешірім сұраумен бастады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →