×

Қырғызcтанда мемлекеттік тілде хабар таратпаған екі телеарнаға айыппұл салынды

Телеарналардың әрқайсысына 23 мың сомнан (116,7 мың теңге) айыппұл салынды

Қырғызcтанда мемлекеттік тілде хабар таратпаған екі телеарнаға айыппұл салынды
Sputnik / Нина Зотина

Қырғызстанның Мәдениет министрлігі қырғыз тілінде хабар тарату заңын орындамағаны үшін екі телеарнаға айыппұл салды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Qamshy.kz-ке сілтеме жасап.

Министрлік жарты жылда 7 телеарнаны, атап айтқанда, "312 Музыка", "НТС" (Жаша), "Кью спорт" (Q-Sport Arena), "Бакайнур-Мега" (Next TV), "Тумар ТВ", "312 КИНО" және "312 ТВ" арналарын тексерген.

"312 KINO" және "312 ТВ" телеарналары Қырғыз Республикасының "Телевизия және радио хабарларын тарату туралы" Заңының 8-бабы 2-тармағын сақтамаған. Онда хабардың кемінде 50%-ы, оның ішінде сағат 07:00-ден 10:00-ге дейін және 18:00-ден 23:00-ге дейін мемлекеттік тілде берілуі керек делінген.

Телеарналардың әрқайсысына 23 мың сомнан (116,7 мың теңге) айыппұл салынды.

Еске сала кетейік, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров мемлекеттік қызметкерді қырғыз тілін білуге міндеттейтін заңға қол қойған болатын

Заң бойынша, барлық мемлекеттік қызметкерлер, депутаттар, ұлттық банк қызметкерлері, күш құрылымдары, сот, прокуратура, адвокаттар, нотариустар, оқу орындарының қызметкерлері, медицина қызметкерлері қырғыз тілін білуге және қызмет міндетін орындау кезінде пайдалануға міндетті. Бұл туралы Қырғызстан президентінің ресми сайты хабарлады.

Телерадио ұйымдары үшін мемлекеттік тілде хабар таратудың міндетті (ең төменгі) көлемі 60 пайыздан кем болмауы керек, ал хабар тарату тәртібі «Телевизия және радиохабарларын тарату туралы» Қырғыз Республикасының Заңымен белгіленеді.

Сонымен қатар, қабылданған конституциялық заңның 2-бабына сәйкес, орыс тілі Қырғыз Республикасында ресми тіл ретінде қолданылады. Мемлекеттік тіл туралы заң ресейлік саясаткерлерге ұнамады. Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров бұл заңды “демократияға қайшы, дискриминациялық жоба” деп бағалады.

Қырғызстанда жаңа заң күшіне енгеннен кейін қырғыз тілін білмейтін шенеуніктер қызметінен кетеді. 27 шілдеде мемлекеттік тіл жөніндегі ұлттық комитет басшысы Қаныбек Осмоналиев “қырғыз тілін білмейтін шенеуніктердің тіл үйренуге жеткілікті уақыты болды, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге жылдар бойы талпыныс жасалып келеді” деді.

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи осы заңға қатысты пікірінде “Қырғызстан секілді бір сәтте мемлекеттік тілді міндеттейтін заң қабылдай алмаймыз” деген болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Вранчев Бишімбаевты Чикатилоға теңеді: сотталушының адвокаттары өре түрегелді
Бүгін, 11:09

Вранчев Бишімбаевты Чикатилоға теңеді: сотталушының адвокаттары өре түрегелді

Вранчевтің бұл сөзіне Бишімбаевтың адвокаты Лейла Рамазанова қарсы шықты
Өзін-өзі өлтіре алмаған кезде Бишімбаев әрекеттері үшін жауап беруі керек екенін түсінгенін айтады
Соттағы сөзін Әлмира Нұрлыбекова кешірім сұраумен бастады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →