×

Сарыағашта қайтыс болған 5 жасар қыздың әкесі талап қойды

Өйткені үй азып-тозған, бәрібір бұдан былай онда тұру мүмкін емес. Орнына қоғамға пайдалы нәрсе салынса деп отыр

 

 

Сарыағашта қайтыс болған 5 жасар қыздың әкесі талап қойды
Ашық дереккөздерден

Шымкенттегі тергеу изоляторында өткен сот процесінде бүлдіршіннің әкесі Нұржан Ережепов осындай талап қойды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оның айтуынша, сотталушының үйі маскүнемдер мен қаңғыбастардың ордасына айналған.

«Бірнеше күн бұрын көршілерім телефон соғып, жарық жанып тұрғанын айтты. Көршілерім ол үйге бас сұғып, арақтың шөлмегі мен стақандар жатқанын көріпті. Бірақ іште ешкім болмаған. Бұл үй ішімдік ішушілердің мекеніне айналып үлгерді. Қайғылы жағдай тағы қайталана ма деп қорқамын», – дейді Нұржан Ережепов.

Ол азғынның үйін толығымен қиратып, жерін үкіметке өткізуді сұрайды.

“Өйткені үй азып-тозған, бәрібір бұдан былай онда тұру мүмкін емес. Орнына қоғамға пайдалы нәрсе салынса”, – дейді қамкөңіл әке. 

Айта кетейік, 7 қыркүйекте Сарыағашта 5 жасар қызды зорлап өлтірген 48 жастағы педофил Сайдолим Ғайбназаровқа қатысты үкім шықты.

Азғын өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болды. Сондай-ақ оған химиялық кастрация және маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеу тағайындалды. Сонымен қатар сотталған қыздың туыстарына моральдық шығын ретінде 100 миллион теңге өтемақы төлеуі тиіс.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті
Бүгін, 17:20

Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті

Сарапшылардың айтуынша, ЕАЭО құрамындағы басқа елдердегі жоғары инфляция аясында Қазақстан баға өсімін тежеуді жалғастырып келеді
Аталған жағдай бірінші рет тіркеліп отырған жоқ.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2025 жылдың бес айында Қазақстанда 23,8 мың тонна балмұздақ пен тағамдық мұз өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (2024 жылғы қаңтар-мамыр - 20,3 мың тонна) 17,1% артық.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →