×

ІІМ Семей түрмесінде сотталғандардың жаппай пышақтасуына қатысты тың ақпаратты бөлісті

Жаппай төбелес кезінде марқұм болған жігіт сол Семейдегі түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқандардың бірі екен

ІІМ Семей түрмесінде сотталғандардың жаппай пышақтасуына қатысты тың ақпаратты бөлісті
Ашық дереккөзден

Ішкі істер министрлігі Семей түрмесінде сотталғандардың жаппай пышақтасуына қатысты тың ақпаратты бөлісті, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі КТК-ға сілтеме жасап. 

Қазір адам өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалыпты. Жаппай төбелес кезінде марқұм болған жігіт сол Семейдегі түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқандардың бірі екен. «Мән-жайды толық баяндай алмаймын» деген вице-министр Игорь Лепеха жағдайды бақылаудан шығарып алған құзырлы орын қызметкерлерінің тарапынан қателік кеткенін мойындады.
«Қазір олар жауапқа тартылды», – деп сөзін түйіндеді ол. Бұған дейін Абай облысындағы колонияда сотталғандар жанжалдасып, олардың бірі сол оқиға орнында көз жұмғаны хабарланған.
Қылмыс 5 қазанда Абай облысындағы №19 түрмеде болған. Атап өту керек, бұл колонияда прокуратураның, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ұлттық ұланның және құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлері жазасын өтеуде. 

Игорь Лепеха, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары: 

- Оның қолдан жасаған пышағы болған. Өкінішке қарай, бұл біздің қызметкерлердің бақылауынан шығып кеткен жайт. Біз бейнебақылауды қарадық, сол кезде олардың екеуі оңашада қалғаны көрінеді. Сырттан ешкім болмаған. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Біздің қызметкерлер жауапкершілікке тартылды. Олар бірге жазасын өтеп жатқан, бірақ бір камерада болмаған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Мұғалімдер басшылықтан қорықса жасырын түрде шағым бере алады – Оқу-ағарту министрлігі
Бүгін, 18:33

Мұғалімдер басшылықтан қорықса жасырын түрде шағым бере алады – Оқу-ағарту министрлігі

Оқу-ағарту министрлігі егер мұғалімдер өз міндетіне жатпайтын еңбекке тартылып, бірақ сол үшін шағымданудан қорықса жасырын түрде арыз түсіре алатынын хабарлады
Ол ұзаққа созылған қатерлі дертпен өмірінің соңына дейін күресті
Әкімнің сөзінше, дәл қазір «Телман» сорғы станциясында техникалық су құбырын салу жобасы жүріп жатыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →