×

«Бетон арасы пенопласт»: Жолдан видео жариялаған журналисті жолшылар «арыз жазам» деп қорқытуда

Видеодан кейін журналиске Алматы – Шелек – Қорғас тас жолының учаске басшысы хабарласып, кешірім сұрап, видео түсіруді талап еткен

«Бетон арасы пенопласт»: Жолдан видео жариялаған журналисті жолшылар «арыз жазам» деп қорқытуда

Журналист Диас Нұрақын «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы «жол салудың тың технологиясын тауыпты» деп, әлеуметтік желіде жол бетондарының арасы пенопласпен жалғанғанын көрсетті, деп хабарлайды Qaz365.kz

«Алматы – Шелек бағытындағы бетон жолдың жыртығын  пенопласпен жамап қойыпты. Енді қазақтарға жол салу үшін бетонның да, битумның да керегі жоқ. ҚР Көлік министрлігі, не деп ақталасыздар ал? Әлде жаңа технологиямызды талқандап, жолды бүлдірдің деп жауапқа тартасыздар ма мені?» – деді журналист.

Диас Нұрақын көтерген мәселеге «ҚазАвтоЖол» компаниясы жауап берген. Ұлттық компанияның хабарлауынша, Алматы – Шелек – Қорғас тас жолының 25-320 шақырымында мердігер ұйым орташа деңгейде жөндеу жұмыстарын жүргізуде.

«Бұл жұмыстар плиталарды ауыстыра отырып, цемент-бетон жабындысын жөндеуді, жарықтарды анкерлеу және герметизациялау әдісімен компенсациялық жікті орнатуды көздейді. Компенсациялық аралықтарды жазға арнала бөлінген. Технологияға сәйкес, бөгде заттар түсіп кетпес үшін арасына пеноплекс салынған (бұл қалыпты тәжірибе, плиталар кеңеюі керек). Жұмыстар кезең-кезеңімен орындалады. Бейнеде аралық жұмыстардың нәтижесі көрсетілген. Алдағы уақытта мердігерлік ұйымдар битум мастикасымен одан әрі құю арқылы тығыздағыш сымды төсеу жұмыстарын жүргізетін болады», – делінген жауапта.

Ұлттық компания журналист жариялаған видеода аралық жұмыстың нәтижесі көрсетілгенін хабарлайды.

«Аталған материал келтірілген залалға байланысты тиісті шешім мен шараларды қарау және қабылдау үшін уәкілетті органға жіберілетін болады. Республикалық маңызы бар автожолдардың барлық пайдаланушыларын жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз. Сондай-ақ, «ҚазАвтоЖолдың» 1403 қысқа нөмірі бойынша тәулік бойғы бірыңғай колл-орталығы жұмыс істейтінін еске саламыз. Пайдаланушылармен кері байланысты күшейту үшін біздің операторлар тәулік бойы жүргізілетін жөндеу жұмыстары мен күтіп-ұстау мәселелері бойынша кеңес береді», – делінген жауапта.

Бір қызығы, осы видеодан кейін журналиске Алматы – Шелек – Қорғас тас жолының учаске басшысы хабарласып, кешірім сұрап, видео түсіруді талап еткен.

«Қазір осы видеоны алып, мен арыз жазам. Жолда пенопласт шыққан жерлерде бетон шықса, көтеріліп қалса, сенің проблемаң болады. Біздікі емес. Бір-екі сағатта Алматыда болам, арыз жазам. «Егер Мехмет, арыз жазба десең, видеоның астына кешірім сұрап, видео қоясың, содан кейін мен арыз жазбаймын», – дейді әлгі адам.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Бүгін, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →