×

«Отырарда зорланған жеткіншектер саны 15-ке жетуі мүмкін»: Полиция мәлімдеме жасады

Өңірдің бас полицейі Facebook-тегі парақшасында жазба жариялады

«Отырарда зорланған жеткіншектер саны 15-ке жетуі мүмкін»: Полиция мәлімдеме жасады
Фото: rgmedia.kz

Отырар ауданында 15 жеткіншектің зорланғаны жайында таратылған ақпарат жалған. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол шындыққа жанаспайтын ақпарат бойынша әлеуметтік желіде жазба жариялады.

«Түркістан облысы полиция департаментіне 2023 жылы 19 қазанға дейін 3 азамат арызданған. Ешқандай 15 дерек немесе 15 арыз, 15 жәбірленуші деген жоқ. Сонымен қатар басқа да жәбірленушілерді анықтау мақсатында жедел-тергеу іс-шараларын жалғастырудамыз», - деп жазды Мұрат Қабденов Facebook-тегі парақшасында.

Сондай-ақ Түркістан облысының полиция департаменті жалған ақпарат таратушыларды ҚР ҚК-нің 274-бабымен жауапкершілікке тарту қарастырылғаны туралы ескерту жасады.

Айта кетейік, кеше Түркістан облысының 33 жастағы тұрғыны кәмелетке толмаған қыздарды зорлады деген күдікке ілініп, қамауға алынған болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Атом электр станциясына атау беру конкурсының жеңімпаздары eGov Mobile арқылы сертификат алады
Кеше, 17:34

Атом электр станциясына атау беру конкурсының жеңімпаздары eGov Mobile арқылы сертификат алады

Конкурс комиссиясының мүшелері «Балқаш» атауын бірауыздан қолдады
Шараның негізгі мақсаты – қоғамда экологиялық мәдениетті дамыту
Бұл көрсеткіш 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 47,4 пайызға жоғары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →