×

«АрселорМиттал» директоры күніне 1 млн теңге жалақы алған ба - Тамара Дүйсенова жауап берді

Дүйсенова күніне 1 миллион теңге жалақы алған директор жайлы айтты

«АрселорМиттал» директоры күніне 1 млн теңге жалақы алған ба - Тамара Дүйсенова жауап берді
Коллаж: Qaz365.kz

Бүгін Үкімет отырысынан кейін Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова тілшілерге күніне 1 миллион теңге шамасында жалақы алған «АрселорМиттал Теміртау» басшысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Министрдің айтуынша, «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының директоры айына 30 миллион теңге алғанымен, компанияға 3 миллион ғана айыппұл салыныпты.

«Бұл жеке кәсіпорын. Сондықтан мен олардың жалақысы туралы білмеймін. Біз оған араласпаймыз. Белгілі бір бөліміне жауап беретін қызметкеріне 3 миллион айыппұл салынды. Бұл еңбек қауіпсіздігінің тиісті жағдайын қамтамасыз етпеген нақты лауазымды тұлғаның жауапкершілігі», – деді Тамара Дүйсенова.

Айта кетейік, компания өзінің басқарушысы Палаватху Кришнан Наир Биджуға 2021 жылы 375,9 миллион теңге жалақы төлеген. Мұны айға есептесек, 31,3 миллион, күніне 1 миллион теңге. 2022 жылғы деректер жоқ, компания оларды жай ғана қаржылық есептілік депозитарийінің порталына жүктемеген. Бірақ қаржылық есептер 31 тамызға дейін болуы тиіс болған.
2020 жылы Палаватху Кришнан Наир Биджу 344 миллион теңге алыпты. 2019 жылы оның алдындағы басқарушысы Парамжит Сингх Калонға 328 миллион теңге төленген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Генерал ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
Бүгін, 12:30

Генерал ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

Оның өмір жолы – барша қазақстандықтар үшін үлгі
Бұл күні акцияға қатысушылар 200-ден астам ағаш көшеттерін отырғызды
Бишімбаевтың адвокаты журналистердің сұрақтарына жауап берді
Жер дүмпуінен зардап шеккендер мен қираған нысандар жоқ

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →