×

Топ-құдалық: Гүлзира Айдарбекованың құдалықта мақтанғаны көпшілікке ұнамай қалды

Көпшілік пікірі екіге бөлінді

Топ-құдалық: Гүлзира Айдарбекованың құдалықта мақтанғаны көпшілікке ұнамай қалды
Коллаж: Qaz365.kz

Танымал әнші Қайрат Нұртастың туған інісі Заңғар Нұртас екінші рет отбасын құрды. Кеше демалыста Айдарбековтер әулеті қыз жаққа құда түсіп барды. Бұл құдалық Жалпыұлттық аза тұту күніне тұспа-тұс келгендіктен, басында желіге жарияламаған болатын. Енді, міне, желіде алғашқы видеолар шығып жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Шымкентте неше күннен бері неге жүргенімізді бәріңіз біліп отырған шығарсыздар. Иә, біз Заңғар ұлымыздың құдалық тойына келіп қалдық. Құдалық мың жылдық болсын! Қазақстандағы топ- құдалықтың бірі болды. Құдаларымыз керемет адамдар екен», – деп жазды Гүлзира Айдарбекова Instagram парақшасында.

Продюсер желіде құдалықта келінге берген киімдерін көрсеткен. Мұны түсінбей жатқандар көп.

«Киімін қыздың ата-анасы апармайды ма? Бұл не деген дәстүр?», «Туфлиге документтің не керегі бар?», «Мұндай салт жоқ еді ғой», «Мынау дәстүр жақсы екен негізі, алып берсін, несі бар? Бізде дәстүрдің бәрін қызға тіреп қойған ғой», «Алайын деп отырған келініне киім апарғаны несі?..» – деген пікірлер жазылған.

Бірақ кейбіреулер мұндай салт Шымкент жақта бар екенін түсіндірген. Яғни оңтүстік жігіттің туыстары келінге 9 киім апаратынын айтқан. Сонымен қатар Гүлзира Айдарбекованың бұл әрекетін «мақтаншақтыққа» балап жатқандар бар.

«Мақтаншақ-ай!..», «Біреуге мал қайғы, біреуге жан қайғы» деген осы екен», «Құдағай шуба кигізбеген бе?», «Айналдырып көрсетіп мақтанды-ау!..», «Осы қатынның жыры бітпейтін болды ғой», – деген сарындағы пікірлер де жазылған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Кеше, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →