×

Қазақстандықтар жаңа жылда қанша күн демалады

Биыл 31 желтоқсан жексенбіге сәйкес келеді 

Қазақстандықтар жаңа жылда қанша күн демалады
ашық дереккөзден

Жаңа жылда қанша күн демалыс берілетіні белгілі болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Еңбек және халықтың әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, жаңа 2024 жылға арналған ресми демалыс күндері – 1, 2 қаңтар. 2023 жылдың соңғы сенбі-жексенбісі 30 және 31 желтоқсанға сәйкес келеді. Осылайша, аптасына 5 күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 4 күн қатарынан демалысқа шыға алады.

Алты күндік жұмыс аптасындағылар 30 желтоқсанда жұмыс істейді.

Содан кейін 3,4,5 қаңтар – жұмыс күні. Ал 7 қаңтар – Рождество мерекесі жексенбі болғандықтан, қосымша демалыс күні берілмейді. Сәйкесінше, 5 күн жұмыс істейтіндер 6,7 қаңтарда әдеттегідей демалалатын болады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →