×

2024 жылдан бастап заңдар алдымен қазақ тілінде жазылады – депутат

Келесі жылдан бастап заңдар алдымен қазақ тілінде жазылады

2024 жылдан бастап заңдар алдымен қазақ тілінде жазылады – депутат
Фото: ашық дереккөздерден

2024 жылдан бастап Үкімет заңды алдымен қазақша жазады. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Абзал Құспан айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұған дейін ол Қазақстанда заңдар бірінші орысша жазылып, қазақ тіліне аударылатынын айтып, бірнеше мәрте депутаттық сауал жолдаған.

«Бүгін Мәжіліс комитетінде отырысты жүргізген депутат Үнзила Шапаққызы бұл мәселе бойынша Үкіметке сауал жолдады. Бәріміз қолдадық. Содан кейін Үкіметтің атынан вице-премьердің қолы қойылған қағаз келді. Онда «2024 жылдан бастап заңдар қазақ тілінде дайындалады» деп жазылған. Алайда қазір вице-премьер Алтай Көлгінов қызметінен кетті. Алайда ол кеткенімен, Үкімет орнында ғой. Сондықтан олардың уәделеріне сеніп отырмыз.

Мысалы, мен 2 заң жобасын дайындап жатырмын. Оның аттарын айта алмаймын. Бірақ оларды қазақ тілінде дайындап жатырмын. Заң шығару бастамасы депутаттардың да қолында бар. Бірақ бізде негізінен Үкімет (заңды) дайындайды. Енді 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап көреміз. Осы мәселеге қайта ораламыз», – деді Абзал Құспан.

Депутат хатта заңдар 2024 жылдан бастап мемлекеттік тілде жазылады деп көрсетілгенін айтты.

«Хатта Алтай Көлгіновтың қолы қойылған. Адам ауысқанымен, Үкімет қол қойды ғой. Мұны Үкіметтің позициясы деп түсінеміз. Үкімет уәдесінде тұра ма, тұрмай ма, бұл – келер жылдың еншісіндегі шаруа», – деді депутат.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Вранчев Бишімбаевты Чикатилоға теңеді: сотталушының адвокаттары өре түрегелді
Бүгін, 11:09

Вранчев Бишімбаевты Чикатилоға теңеді: сотталушының адвокаттары өре түрегелді

Вранчевтің бұл сөзіне Бишімбаевтың адвокаты Лейла Рамазанова қарсы шықты
Өзін-өзі өлтіре алмаған кезде Бишімбаев әрекеттері үшін жауап беруі керек екенін түсінгенін айтады
Соттағы сөзін Әлмира Нұрлыбекова кешірім сұраумен бастады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →