Министрліктің мәліметінше, Қазақстанда Қытайдан келетін азаматтарға қатысты карантиндік талаптар мен шараларды қатаңдату жоспары жоқ
Денсаулық сақтау министрлігі Қытайда коронавирус індетінің өршуіне байланысты қазақстандықтардан аталған елге барудан бас тартуды ұсынды, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
Министрліктің мәліметінше, Қазақстанда Қытайдан келетін азаматтарға қатысты карантиндік талаптар мен шараларды қатаңдату жоспары жоқ.
Айта кетсек, бүгінде Шанхай ауруханалары науқастарға толы.
Күн сайын COVID-19 белгілері бар мыңдаған науқас ауруханаларға түседі. Олардың көпшілігі – 65 жастан асқандар, деп хабаралаған еді Euronews.
Қытайдың мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдары 25 миллион тұрғыны бар мегаполис халқының 70%-ы вирус жұқтырған болуы мүмкін екені айтылды.
Ал Қытайдың Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі бірнеше күн бұрын Қытайдың құзыретті органдары Дүниежүзілік денсаулық сақтау мамандарымен бейне- конференция өткізгенін айтты. Екі тарап қазіргі COVID-19 жағдайы, медициналық емдеу, вакцинация және басқа да техникалық мәселелер бойынша пікір алмасты. Олар техникалық алмасуды жалғастыруға және жаһандық пандемияны тезірек жеңуде бар күшін салуға келісті.
ҚХР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мао Ниннің мәлімдеуінше, елдер қабылдап жатқан коронавируспен күрес шаралары ғылыми негізделген және үйлесімді болуы тиіс. Сондай-ақ, адамдардың өзара араласуы елдер арасындағы ынтымақтастыққа әсер етпеуі керек.