Алматыда Ұланғасыр Қамидің концерті өтті
Былтырдан бері аты шыға бастаған, 80-жылдардағы ретро стильді жаңғыртып ән салып жүрген Ұланғасыр Қами Алматыдағы Республика сарайында кеш берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Жас әншінің кешіне Мұқасан Шахзадаев, Төреғали Төреәлі келіп, қолдау көрсеткен. Сонымен қатар туған ағасы Дидар Қамиевпен сахнада айтысты. Осы кеш үшін Дидар Астанадағы «Алтын домбыра» айтысына да қатыса алмай қалды.
Ұланғасыр концертке келген халықты орнынан тұрғызып, «Қызыл раушан», «Балқия» әндеріне билетті. Қамиевқа «әлі концерт беру ерте» дегендер болған екен. Бірақ ол алған бетінен қайтпай, 3 мың адам сиятын Республика сарайын толтырды.
Айтпақшы, «Балқия» әнін «Келінжан» сериалында «Балқия» рөлін сомдаған актриса Нұргүл Мыңғатовамен бірге қосылып айтты.
«Қызыл раушан» мен «Балқияны» қайталап айта бердің бе?», «Мынаған да біреу бара ма?», «Кеше бардық, өте жақсы деңгейде өтті», «Көре алмайтындар көп», «Фонограммамен шаршамай айтып шықты ма?», «Бір-екі тойдың әнімен жұлдыз болып кететін біздің елде ғана сияқты», «Қанша халық болса, сонша пікір, зал жинау оңай емес», «Билет құны 200 теңге болған шығар», «Тегін болса да бармайтын едім», «Тамаша өнерің өрге бассын, Ұланғасыр балам» деген пікірлер бар.
Айта кетейік, әнші Базарlike бағдарламасында тойдағы гонорары Алматыда 500 мың, басқа жақтарға 2 миллион теңге екенін айтқан болатын.