×

Алматы облысында мектеп оқушысы бүтін бір автобус жолаушыларын құтқарып қалды

8 сынып оқушысы ержүрек әрекет жасады

Алматы облысында мектеп оқушысы бүтін бір автобус жолаушыларын құтқарып қалды

Іле ауданында 8 сынып оқушысы бүгінгі күннің батыры атанды, деп хабарлайды Qaz365.kz

«Автобус жүргізушісінің талмасы ұстап, көлік құралын басқара алмай қалған. Сол кезде жас жігіт тез арада тежегішті басып, автобусты тоқтатқан. Бүтін бір автобус жолаушыларын құтқарып қалған баланың есімі – Ақжол, ол  24 лицейдің 8 «Е» сынып оқушысы», – деп хабарлады Алматы облысының әкімдігінде.

Куәгерлердің айтуынша, ол жылдам әрекет етпегенде, автобус жақын жердегі ғимаратқа соғылуы мүмкін еді.

Пікір білдірушілер мектеп оқушысының әрекетін жоғары бағалап, батылдығы үшін үлкен марапатқа ие екенін жазып жатыр. Оқиға кезінде автобустың ішінде болған адамдар да алғысын жаудыруда.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →