×

Аягөзде төрт баласынан айырылған отбасына қандай көмек берілді – әкім жауап берді

Әкім қандай көмек көрсетілгенін айтты

Аягөзде төрт баласынан айырылған отбасына қандай көмек берілді – әкім жауап берді
Фото: ашық дереккөзден

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Аягөзде өрт салдарынан төрт баласынан айырылған отбасыға қандай көмек көрсетілгенін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Осы қайғылы жағдай болғанда ең бірінші аудан әкімі, менің бірінші орынбасарым сол отбасының қасында болды. Толығымен көмек көрсеттік. Қазір оларға уақытша екі бөлмелі пәтер бердік. Бұл пәтер тұрмыстық техникамен, жиһазбен толық жабдықталған. Желтоқсан айында өздерінің қалауымен Өскемен қаласынан екі бөлмелі пәтер беріледі. Себебі олар Өскемен қаласында тіркеуде тұр. Осындай көмек көрсетілді, әлі де қажетті көмекті көрсетіп жатырмыз», – деді Нұрлан Ұранхаев.

Еске салайық, Аягөзде өртенген үйден 4 баланың денесі табылған еді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова бұл балалардың үйде жалғыз қалғанын айтқан еді.

Сондай-ақ ҚР Бас прокуратурасы Аягөздегі 4 баланың өліміне қатысты тергеу басталғанын хабарлаған болатын

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматылықтардың коммуналдық қарызы 2 млрд теңгеден асты
11.07.2025ж. 13:35

Алматылықтардың коммуналдық қарызы 2 млрд теңгеден асты

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС қала тұрғындарын жауапкершілік танытуға, қарызды жинамай, жылумен жабдықтау қызметін уақытылы төлеуге шақырады
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Сабыржан Кәрімов Перизат Қайраттың сотты жабық өткізу жөнінде өтінішін қарап, шешім шығарды
Санаулы сәттерден кейін Перизат Қайраттың соты басталады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →