×

Министр Аягөздегі өрттен қаза тапқан балаларға қатысты пікір білдірді

25 қазанда Аягөз қаласында газ баллоны жарылып, бір үйден 4 бүлдіршін көз жұмды

Министр Аягөздегі өрттен қаза тапқан балаларға қатысты пікір білдірді
Коллаж: Qaz365.kz

Аягөз қаласында газ баллоны жарылып, қаза болған 4 бүлдіршін үйде жалғыз қалған. Бұл туралы бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Балалардың әкесі жедел жәрдем қызметінде жұмыс істейді, анасы азық-түлік алуға шығып кеткен. Балалар үйде жалғыз қалған. Негізі балаларды жалғыз қалдыруға болмайды. Бұған дейін Астанада, Жамбылда болған оқиғаға бәріміз куә болдық, қазір Аягөзде орын алды. Біздің тарапымыздан тек қана жәрдемдесу – психологиялық қолдау көрсету», – деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова.

Еске салайық, 25 қазанда Аягөз қаласында газ баллоны жарылып, бір үйден 4 бүлдіршін көз жұмды. Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай жазған болатын. Оның айтуынша, баланың үлкені 8 жаста, кішісі енді тәй-тәй басқан.

Қазақстанда мұндай қайғылы жағдай алғаш рет емес. 2019 жылы Астананың Көктал-1 елді мекенінде көмірмен жылынатын жер үйде өрт шығып, бір отбасының бес қызы көз жұмды. Бұл қайғылы оқиға қоғамда резонанс туғызған болатын.

2021 жылы Жамбыл облысына қарасты Жаңатас қаласында да газ баллоны өртеніп, бір отбасының кәмелетке толмаған бес баласы қаза тапқан болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматы әуежайында І топ мүгедектігі бар адамды рейске кіргізбей қойды
11.09.2024ж. 22:50

Алматы әуежайында І топ мүгедектігі бар адамды рейске кіргізбей қойды

Оқиғаның видеосын әлеуметтік желіде белгілі пірадар Иакой Воронцов жариялады
6 қыркүйекте Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев онымен Бұхарада бейресми кездесу өткізген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →