×

Алматыдағы Денис Теннің ескерткішін вандалдар бүлдіріп кеткен

Полиция болған оқиға туралы түсініктеме берді

Алматыдағы Денис Теннің ескерткішін вандалдар бүлдіріп кеткен
Фото: tiktok.com/@mirzoev_amir

Алматыда вандалдар атақты мәнерлеп сырғанаушы, өмірі ерте үзілген спортшы Денис Теннің ескерткішін бүлдіріп кеткен, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Алматы тұрғыны әлеуметтік желіге ескерткіштегі жазбалардың суретін жариялады. Вандалдар ескерткішке Денис Теннің өліміне кінәлілер туралы ақпаратты жазған. Онда автор өзі туралы мәліметтерді де – аты-жөнін, телефон нөмірін, тіпті мекен-жайын да қалдырған.

Полиция департаменті Денис Теннің ескерткішіне қатысты вандалдардың ісі тіркелгенін растады.

«Денис Теннің жарқын бейнесіне қойылған ескерткішке бұзақылық жасады деген күдікті ұсталды. Ол Алматы қаласының тұрғыны болып шықты, психоневрология диспансерінде есепте тұр. Қылмыстық іс аясында сараптамалар тағайындалып, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім шығарылды. Ұсталған адам Психикалық денсаулық орталығына орналастырылды», – делінген Алматы қалалық Полиция департаментің хабарламасында.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Атырау облысы әкімі Серік Шәпкенов 2029 жылға дейін жалпы құны шамамен 7 трлн теңгелік 46 инвестициялық жобаның іске асырылып, 6 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылатынын айтты
Қырғызстанда қылмыс әлемінің серкесі болған Қамшы Көлбаевтің қылмыстық тобына қатысы бар деген күдікпен Қазақстан азаматына іздестіру жарияланды
Дептутат Данияр Қасқарауов Премьер-министр Олжас Бектеновке сауал жолдап, әлі күнге шешімін таппаған Сорбұлақ мәселесін көтерді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →