×

Алматы облысында Жақсылық Үшкемпір мешіті ашылды

Алматы облысында жаңа мешіт ашылды

Алматы облысында Жақсылық Үшкемпір мешіті ашылды
Фото: ҚМДБ

Бүгін Қарасай ауданы Жібек жолы ауылында жаңа мешіт ашылды. Мешітке даңқты қазақ спортшысы Жақсылық Үшкемпіров есімі берілген, деп хабарлайды Qaz365.kz.  

Мешіттің ашылу салтанатында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы, марқұм Жақсылық Үшкемпіровтың жақындары мен Жібек жолы ауылы тұрғындары қатысты. ҚМДБ төрағасы мешіт құрылысына демеуші болған азаматтарға алғысын білдірді.

«Бүгін салтанатты түрде ашылғалы тұрған бұл мешітке қазақтың бір қайсары, елін сүйген жайсаңы – Жақсылық Үшкемпіров есімі беріліп отыр. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы соңғы жылдары елімізде салынатын мешіттер мен бұрыннан бар құлшылық үйлеріне ел мен жерге, дінге қызмет еткен асыл азаматтардың есімін беруді игі үрдіске айналдырып келеді», – деді бас мүфти.

Жаңа мешіт 800 адамға шақталып салынған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Осыған байланысты жолаушылар әуежайларға ертерек келуі керек
Еріктілерді, азаматтық белсенділерді, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдерін және басқаларды
Бұл – татулық пен тыныштықтың, тұрақтылық пен  бейбітшіліктің символы саналатын мерейлі мереке

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →