×

«Барлығы Үкіметтің аузына қарап қалған»: Қосанов заңға өзгеріс енгізуді ұсынды

Әміржан Қосанов заңға өзгеріс енгізуді ұсынды

«Барлығы Үкіметтің аузына қарап қалған»: Қосанов заңға өзгеріс енгізуді ұсынды
Фото: ашық дереккөзден

Журналистердің жұмысы Ақпарат министрлігіне  ғана тірелмейді, басқа өңірлік, әлеуметтік, құқықтық т.б. министрліктермен тығыз байланысты. Бұл туралы XV «Media Құрылтай – 2023» салалық конференциясында қоғам қайраткері, журналист Әміржан Қосанов айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Сол себептен Үкіметтің рөлін осы жерде жазу керек. Мемлекеттік тапсырысқа қатысты біраз сын айтылып жатыр. Соған бюджеттің ашықтығын айтып жазу керек. Мұнымен профилдік министрлік емес, Үкімет айналысуы тиіс. Газет-журналдарды қосымша құн салығынан босату жайлы Айдос Сарым да атап өтті. Ресейдің өзінде осындай заң бар», – дейді Әміржан Қосанов.

Ол бұл заңда Парламенттің рөлі айтылмаған деп отыр. 

«Мәжіліс тек заң қабылдап қоя ма? Осы жағы түсініксіз. Мен бір ұсыныс айтар едім. Қазақстан демократиялық күштері талайдан бері қоғамдық телеарна ашуды айтып келеді. Қашан бізде қоғамдық телевизия болады? Барлық мемлекеттік телеарна, БАҚ Үкіметтің аузына қарап қалған. Министр не айтады, Үкімет не айтады, яғни оған сын айтуға болмайды. Сондықтан, меніңше, қоғамдық телеведениеден бастау керек. Осы заңның ішіне сондай бапты қосып, қоғамдық телеарна ашсақ, Жаңа Қазақстанның ең үлкен бренді сол болар еді», – дейді саясаткер.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

қосымша іс-шара өткізер болсақ, демеушілердің көмегімен өткіземіз
Қазақстан адам саудасына қарсы күрес бойынша әлем елдерінің екінші санатына кіреді
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →