×

Адам өліміне әкелген: Астанада дәстүрлі емес шығыс медицинасы қызметтерін ұсынған ер адам сотталды

Тиісті куәліктері мен лицензиялары жоқ медициналық қызметпен айналысқан

Адам өліміне әкелген: Астанада дәстүрлі емес шығыс медицинасы қызметтерін ұсынған ер адам сотталды
Фото: amp.yk-news.kz

Елорда тұрғыны дәстүрлі емес медициналық қызметпен айналысқаны үшін сотталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бас прокуратураның мәліметінше, мемлекеттік айыптаушы абайсызда адамның өліміне әкеп соқтырған дәстүрлі емес шығыс медицинасымен айналысқан ер адамның кінәсін дәлелдеді.

Сотталған азамат тиісті куәліктері мен лицензиялары жоқ медициналық қызметпен айналысқан.

«Ұйқылық шағымымен клиникаға жүгінген жәбірленушіге, Қазақстанда лицензияланбаған препарат инъекциясы енгізіліп, содан кейін оның әл-ауқаты күрт нашарлаған. Науқас есін жимастан біраз уақыттан кейін қайтыс болды», – делінген хабарламада.

Сараптаманың қорытындысы бойынша өлімнің себебі анафилактикалық шок болды.

Сот үкімімен кінәлі адам медициналық қызметпен айналысу құқығынан айырылып, сотталды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Әнұран мәтіні Қонаев көгінде жарқырады
25.10.2025ж. 21:40

Әнұран мәтіні Қонаев көгінде жарқырады

Дрон-шоу, 15 мың көрерменнің қатысуымен Әнұран орындалып, мерекелік концерт ұйымдастырылды
Мұндай патриоттық акциялар бір мезгілде өңірдің барлық аудан-қалаларында өткізілді
Әртүрлі салада адал еңбек етіп жүрген азаматтардың еңбегі жоғары бағаланды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →