×

Алматы облысында жауапсыз ата-аналардан 15 бала тартып алынды

Прокуратура жауапсыз ата-аналардан 15 баланы тартып алды

Алматы облысында жауапсыз ата-аналардан 15 бала тартып алынды
Фото: freepik.com

Алматы облысында балаларына жауапсыз қараған 51 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап.

«Бақытты және қауіпсіз балалық шақ» жобасы аясындағы біріккен рейдтердің нәтижесінде 51 ата-ана, оның ішінде 38 тұлға Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің (ӘҚБтК) 127-бабы (кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау); 7 тұлға ӘҚБтК 440-бабы (алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу); 3 тұлға ӘҚБтК 73-2-бабы (ұрып-соғу); 2 тұлға ӘҚБтК 442-бабы (кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы); 1 тұлға ӘҚБтК 73-1-бабы (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жауапсыз ата-аналардан 15 бала алынды. Сотқа ата-ана құқығын шектеу туралы 7 талап қою берілді», – делінген Алматы облыстық прокуратурасы таратқан хабарламада.

Ведомство мәліметінше, азық-түлік, көмір және балаларға жылы киім түрінде материалдық көмек 86 отбасыға көрсетілді. Медициналық тексеруден 901 бала өтті, 16 бала ауруханаға жатқызылды. Баспана кезегіне 152 бала қойылып, 2 отбасыға үй алуға көмек көрсетілді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Астанада хоккейден 117 миллион ақша жымқырмақ болған
Бүгін, 12:43

Астанада хоккейден 117 миллион ақша жымқырмақ болған

446 млн теңгеден астам сомаға сатып алу жариялаған.
Ақпарат жүйелерін баптау қажет болғандықтан, банктер техникалық жұмыстар жүргізеді
Ақылы тұрақтарды қадағалайтын мемлекеттік операторды құру керек.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →