Сот шешімі шықты
Биыл наурыз айының соңында әлеуметтік желіде Солтүстік Қазақстан облысының орталығы Петропавл қаласында "халық кеңесі құрылғаны" жөнінде видео тараған еді. Бүгін осыған қатысты сот шешімі шыққан, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Сепаратистердің бірі 9, үшеуі 7 жылдан бас бостандығынан айырылды. Қалғаны сотқа куәгер ретінде қатысты», – деп жазды Эльмира Қаленова.
Айта кетейік, бұған дейін Петропавл қаласында "Халық кеңесі" тобының үш белсендісі сепаратизм үшін айыпталып, уақытша қамау изоляторына тоғытылған еді.
Тергеу материалдарына сәйкес, 19 наурызда Солтүстік Қазақстан университетінің колледж ғимаратында "Халық кеңесі" тобына қатысушылар жиналған. Жиынға облыс орталығының 20 тұрғыны келді. Олар "өздерін Кеңес социалистік республикалар одағының ізбасарлары" деп жариялады.
Жиналыс барысында олар Қазақстан Республикасынан тәуелсіз Петропавл қаласының Халық Кеңесін құру туралы тілектерін білдірген және "Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының Халық Кеңесі Декларациясын" қабылдаған.