×

Бейсен Құранбекті еске алуға арналған футзалдан республикалық турнир өтеді

БАҚ өкілдері арасында футзалдан республикалық турнир өтеді

Бейсен Құранбекті еске алуға арналған футзалдан республикалық турнир өтеді
Фото: ашық дереккөзден

Бейсен Құранбекті еске алуға арналған БАҚ өкілдері арасында футзалдан республикалық турнир өтеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Желтоқсанның 9-ы Бейсен Құранбектің туған күні. Марқұм тірі болғанда 52 жасқа толар еді. Осы күнге туралап биыл да 9-10 желтоқсанда БАҚ өкілдері арасында футзалдан республикалық турнир өтеді. Бұл турнир осымен үшінші мәрте өткелі тұр. Биылғы турнирге Астана, Алматы, Тараз, Шымкент, Талдықорған қалаларынан келген 10 команда қатысады. Командалардың барлығы дерлік БАҚ өкілдерінен жасақталған. Турнирде төрт орынға жүлде беріледі. Сонымен қатар Бейсен Құранбекке өмірде аға болған, ұстаздық қылған белгілі спорт журналисі Сайын Тұрсынов пен телевизия ардагері Нұртілеу Иманғалиұлы атындағы арнайы сыйлық тағайындалады. Турнирді ұйымдастырушы:

  • –        Жетісу облысының әкімдігі;
  • –        Жетісу телеарнасы;
  • –        Жетісу газеті;
  • –        Respublica партиясы;
  • –        Janr әдеби клубы;

Жарыстың өтетін орны: Талдықорған қаласы, «Жастар» спорт сарайы.

Басталуы: 09 желтоқсан,  2023 жыл, сағат: 09:00.

Байланыс тел: +7 777 555 5655.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Рамазанова сотта Қуандық Бишімбаевтың құқығы шектелгенін айтты
Адвокат Игорь Вранчев жарыссөзде алқабилерге жүгінді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →