×

Зейнетақы жинағын алу: 2024 жылға арналған ең төменгі жеткілікті шек белгілі болды

Зейнетақы жинағының шекті сомасы белгілі болды

Зейнетақы жинағын алу: 2024 жылға арналған ең төменгі жеткілікті шек белгілі болды
Фото: ашық дереккөздерден

Зейнетақы жинағының шекті сомасын есептегенде 4 әлеуметтік-экономикалық көрсеткіш негізге алынған, деп хабарлайды Qaz365.kz

БЖЗҚ 2024 жылы зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегін жариялады. Қордың хабарлауынша, 2024 жылға арналған зейнетақы жинағының шекті сомасы 2023 жылғы деңгейде қалады.

Зейнетақы жинағының шекті сомасын есептегенде 2024 жылға арналған төмендегі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер негізге алынған:

  • ең төменгі жалақы мөлшері – 85 000 теңге;
  • мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 28 215 теңге;
  • зейнетақының ең төменгі мөлшері – 57 853 теңге;
  • базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы – 43 407 теңге.

Айта кетейік, 2021 жылдың қаңтарында Қазақстандағы салымшыларға зейнетақы жинағының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсартуға, емделуге жұмсауға, сондай-ақ жеке инвестициялық компаниялардың басқаруына беру мақсатында пайдалануға құқық берді.

2021 жылдың желтоқсан айында Қазақстанда зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдаланудың шекті мөлшері 2022 жылы шамамен 1,8 есе өсетіні хабарланды. Мәселен, егер 2021 жылы 35 жастағы азаматтар үшін шекті көрсеткіш 2 940 000 теңге болса, келесі жылдан бастап ол 5 060 000 теңгеге дейін өседі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көпшіліктің пікірін ескеріп, Үкіметке зейнетақы қорындағы қаражатты пайдалануға қатысты шекті межені көтеру мерзімін 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін ұзартуды тапсырды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Кеше, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →