×

Алматы әуежайында ұшақтың апаттық есігін ашқан ер адам жауапқа тартылды

Ол 15 тәулікке дейінгі әкімшілік қамауға алынуы мүмкін

Алматы әуежайында ұшақтың апаттық есігін ашқан ер адам жауапқа тартылды
Фото: polisia.kz

Әуе кемесінің апаттық есігін ашқан ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Тексеру барысында ұшақ бортындағы қауіпсіздік ережелеріне бағынбаған Алматы қаласының 29 жастағы тұрғынының мас болғаны анықталды. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, ол орташа дәрежелі мас күйде болған.

«Құқық бұзушыға қатысты полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы 1-бөлігі, 566-бабы 1-бөлігі, 434-бабы 1-бөлігі бойынша бірден үш әкімшілік хаттама толтырып, 8 АЕК көлемінде айыппұл салды. Ұсақ бұзақылық бойынша іс шешім қабылдау үшін Алматы қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданатын болады», – делінген полиция хабарламасында.

Ол 15 тәулікке дейінгі әкімшілік қамауға алынуы мүмкін.

Айта кетейік, 23 желтоқсанда Fly Arystan әуе компаниясы өкілдерінің өтініші бойынша Алматы қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Шымкент – Алматы бағытындағы рейс жолаушысын анықтап, ұстады. Құқық бұзушы акт бойынша рейстен түсірілген еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Бүгін, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →