×

Алматыда үш адамның өлімімен аяқталған автобустағы қақтығысқа себепші жолаушы қашып кетпек болған

Бұған куәгерлер мұрсат бермей, өздері ұстап алған

Алматыда үш адамның өлімімен аяқталған автобустағы қақтығысқа себепші жолаушы қашып кетпек болған
видеодан кадр

Әлеуметтік желіде Алматыда автобустың бір топ жаяу жүргіншіні қағып кеткен сәттен кейінгі видеосы пайда болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жүргізуші әйелге шабуыл жасады деген ер адам оқиға орнынан кетіп қалмақ болған. Бұған куәгерлер мұрсат бермей, өздері ұстап алған.

Айта кетейік, Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының хабарлауынша, 24 желтоқсанда сот шешімімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының өтініші қанағаттандырылып, күдікті  2 ай мерзімге қамауға алу санкцияланды.

Еске сала кетейік, 22 желтоқсанда Алматыдағы «Қалқаман» аялдамасында автобус жаяу жүргіншілерді басып кетіп, 3 адам қайтыс болды. Қоғамдық көлік жүргізушісін ұрған ер адам ұсталды. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады
24.07.2024ж. 07:40

Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады

Архивтен табылған Жәнібектің анасы болуы мүмкін азаматшаның қолхатын жариялады
Мүмкіндігінше, жүктіліктің арасы 2-3 жыл болғаны дұрыс
Отыз жылдан астам уақыт бойы құрылыс саласында еңбек еткен

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →