×

«Қазір содан басқа мәселе жоқтай»: Ринат Зайытов Akon туралы сұрақ қойған тілшіге тап берді

Зайытов журналистердің сұрақтарына жауап берді

«Қазір содан басқа мәселе жоқтай»: Ринат Зайытов Akon туралы сұрақ қойған тілшіге тап берді
Фото: ашық дереккөздерден

Бүгін Мәжіліс отырысынан кейін тілшілердің бірі депутат Ринат Зайытовтан америкалық әнші Akon-ның концертінде болған келеңсіз оқиғаға қатысты пікірін сұрады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Мұндай жағдай талай болған. Кейінгі кезде ғана емес. Қойыңдаршы. Оның алдында кім келмеді? Уитни Хьюстонның сахнада қисалаңдап жүргенін ұмытып қалдыңыздар ма? Қазір содан басқа мәселе жоқтай, бәріңіз жан-жақтан әншілерді талқылап кеттіңіздер», – деді Ринат Зайытов.

«Депутат ретінде талап қоюға болмай ма?» деп сұрады журналист депутаттан.

«Аманжол Әлтаев өткенде сауал жолдады ғой. Сіздерге таңғаламын. Басқа тақырып жоқтай, шетел әншілерін талқылап жүрсіздер», – деді Зайытов.

Айта кетейік, жақында Астана қаласында өткен кеште америкалық әнші Akon-ға жанкүйерлері іш киім лақтырған болатын. Осы оқиғадан кейін мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай депутаттық сауал жолдады. Ал кеше депутаттың сауалына сәйкес министр Аида Ғалымқызы пікір білдірді. Ол бұл ұят екенін айтқан.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады
24.07.2024ж. 07:40

Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады

Архивтен табылған Жәнібектің анасы болуы мүмкін азаматшаның қолхатын жариялады
Мүмкіндігінше, жүктіліктің арасы 2-3 жыл болғаны дұрыс
Отыз жылдан астам уақыт бойы құрылыс саласында еңбек еткен

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →