×

«Әр қазаққа бала, бауыр екенімді түсіндім»: Жәнібек Қазақстаннан ұшып кетті

Жәнібек Қазақстанға келгелі қаншалықты эмоционалды күйде болғанын, өзі үшін тым ауыр күндер болғанын жазады

«Әр қазаққа бала, бауыр екенімді түсіндім»: Жәнібек Қазақстаннан ұшып кетті
Ашық дереккөзден

Бельгиядан Қазақстанға анасын іздеп келген Жәнібек Қазақстаннан ұшып кетті. Кетер алдында ол әлеуметтік желіде пост жазды, деп хабарлайды Qaz365.kz

– Құрметті қазақстандықтар! Өздеріңіздей қонақжай, мейірімді халықпен танысуға мүмкіндік бергендеріңіз үшін және қолдау танытқандарыңыз үшін мың алғыс! Мен Қазақстанның әр ұлына, қызына, анасына, әкесіне тәнтімін және ризамын! 
Достар, менің визамның уақыты аяқталды, туған жерден кетуім керек, бірақ мен жақында ораламын. Мен туған анамды іздеу жұмысын тоқтатпаймын. Кеше Қазақ радиосының «Бармысың, бауырым?» хабарының редакциясына менің атымнан сот отырысына қатысуға, маған қатысты кез келген мәліметке қол жеткізуге, менің атымнан арыз, өтініш, шағым жазуға заң бойынша толық рұқсат бердім
, – деп жазады ол.

Жәнібек Қазақстанға келгелі қаншалықты эмоционалды күйде болғанын, өзі үшін тым ауыр күндер болғанын жазады. 
 

– Мен өзіме біраз уақыт бөлуді жөн көрдім, сондықтан Испанияға бірден қайтпаймын, бірер күн Тайландта боламын. Ойымды жинақтап, демалып алғым келеді. Әзірге көп мәліметті аша алмаймын, бірақ бұл оқиға мен күткеннен де қиын сияқты... Қазақ радиосының «Бармысың, бауырым?» хабары арқылы 2002 жылғы қаңтарда Арқалық қаласының перзентханасына ұлын тастап, қолхат жазып кеткен, архивтік ресми құжаттар негізінде менің туған анам болып саналатын әйел табылды. Ол әйелге қазір редакция екінші рет ДНҚ сараптамасын жасап жатыр. @kymbatdoszhan & @asel_asqarqyzy сіздер іздей беріңіздер! Алда көп жаңалық болады деп сенемін, – дейді ол.

Жәнібек Қазақстанға рақмет айтады. Ең бастысы, бұл сапарында туған жерін тапқанын, туған елімен қауышып, әр қазаққа бала, бауыр екенін түсінгенін жазады. 

– Бәріңізді жақсы көремін. Амандықта жүздесейік! – дейді ол.

Еске салайық, бұған дейін бельгиялық отбасы асырап алған қазақ бала анасын іздейтіні хабарланған еді. Бұл туралы журналист Олжас Беркінбаев Facebook парақшасында жазған.

«Мына видеода ағылшынша сөйлеп, Сіздерден көмек сұрап отырған жігіттің есімі – Жәнібек, бірақ қазіргі құжатында ЭддиЖан деп жазылған. Ұлты – қазақ, 2002 жылдың 17 қаңтарында Арқалық қаласында дүниеге келген. 2004 жылы сол қаладағы балалар үйінен қазіргі бельгиялық отбасы, яғни жалғызбасты анасы асырап алуға алып кеткен»,дейді Олжас Беркінбаев.

Ал жақында Жәнібек «өмірімде өзгеріс болғалы тұр» деп мәлім еткен.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →