×

ТЖД ескертуі: Алматы тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін

Қала тұрғындары мен қонақтарының тауға шықпауын өтінді

ТЖД ескертуі: Алматы тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін
ТЖД Алматы

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті және «Қазселденқорғау» ММ Іле-Алатау филиалы қар көшкінінің жүру қаупі туралы ескерту жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“Қазгидрометтің” болжамына сәйкес, Алматы облысының тауларында 2023 жылдың 30-31 желтоқсанында көшкін қаупі сақталады.

“Азаматтардан, туристер мен демалушылардан қар көшкінін тудыруы мүмкін болғандықтан, қарлы беткейлерге шықпауды, сондай-ақ таулы жерлерде барлық қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз. Жаңажылдық мереке күндерінде қайғылы оқиғаларды болдырмау өз қолдарыңызда!” – делінген төтеншеліктердің хабарламасында.

Сондай-ақ қандай да бір себептермен таулы жерде жүрген жандардың қар көшкінін тудырмас үшін таулардың қарлы беткейлеріне бармауын, көмек қажет болған жағдайда дереу 112 нөміріне қоңырау шалуды өтінді. 

«Тауларда қар деңгейінің едәуір өсуіне байланысты (25 см-ден артық) Алматы обылысының аумағында қар көшкіні қаупі жоғары. Жоғарыда айтылғандардың негізінде тауларға барудан бас тартуды, таулардың қарлы беткейлеріне шықпауды ұсынамыз», – деп хабарлады «Қазселденқорғау» ММ Іле-Алатау филиалы.

 

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматы әкімі тазарту құрылыстарын жаңғырту және «Сорбұлақ» жинағышының жағдайымен танысты
14.07.2025ж. 15:01

Алматы әкімі тазарту құрылыстарын жаңғырту және «Сорбұлақ» жинағышының жағдайымен танысты

Алматы әкімі су тазарту нысандарын аралап, жаңғырту шараларын күшейтуді тапсырды
«Алматы жылу жүйесі» ЖШС қала тұрғындарын жауапкершілік танытуға, қарызды жинамай, жылумен жабдықтау қызметін уақытылы төлеуге шақырады
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Сабыржан Кәрімов Перизат Қайраттың сотты жабық өткізу жөнінде өтінішін қарап, шешім шығарды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →