×

«Ақылшым, кешір мені!». Дана Нұржігіттің бұрынғы күйеуі өмірден өтті

Қайғылы хабарды бұрынғы әйелі, белгілі тележүргізуші Дана Нұржігіт жеткізді

«Ақылшым, кешір мені!». Дана Нұржігіттің бұрынғы күйеуі өмірден өтті
Жеке мұрағаттан

«Хабар» агенттігінің бұрынғы бас директоры Владимир Рерих 67 жасына қараған шағында дүниеден өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қайғылы хабарды бұрынғы әйелі, белгілі тележүргізуші Дана Нұржігіт жеткізді. Екеуінің ортақ ұлы бар.

«Әлімнің әкесімен соңғы кездесуі екен…
Володя, Владимир, Владимир Ахмадьянович Рерих бүгін Берлинде дүниеден озды…
1996 жылы 11 наурызда танысқан өзіңмен 2000 жылдан 15 жыл отастық. Ұлды болдық. Түсініспеген жерден мен Қазақстанда қалып, сен Германияға кеттің», – деп жазды бұрынғы әйелі.

Ол Владимир Рерих тұлға болып қалыптасуына, маман болып өсуіне, ана болып бала тәрбиесінде неге мән беру керектігіне зор ықпал еткенін айтты.

«Ақылшым, сапалылық, даналық, ар, кәсібиліктің биік өлшемі болдың. Парасатың, білімің, шешендік өнерің, зиялылығың ерекше еді. Желтоқсанда барамыз деп Берлинге билет алғаным жоспарлы сапар болған жоқ, қазан айында өзімнен-өзім баланы саған апарғым келді. Соңғы кездесу боларын кім білген, Володя!
Анаң Эмма Александровна, менің аяулы енемнің қасына кеттің…
Балаң өзіңді көріп, биылғы туған күніңмен бірінші болып құттықтағаны соңғы рет екен ғой… Мына дүниеден тыныштық таппаған, түсіністік таппаған жаның жаннаттан рахат тапсын! Кешір мені!» – делінген жазбада. 

Айта кетейік, Владимир Рерих 1987-1994 жылдары «Советтік Қазақстан» киножурналында режиссердің көмекшісі, редактор, кейін «Қазақфильм» киностудиясында режиссер, сценарист, көркемдік жетекші қызметтерін атқарған.
1996-2003 жылдары «Хабар» агенттігінде басшылық қызметтерде (бас директордың бірінші орынбасары – басқарма төрағасының кеңесшісі, бас директор) жұмыс істеген.
2006-2011 жылдары – Еуразиялық медиа форумның бас продюсері,  «Хабар» телеарнасындағы «Поздний Рерих» телебағдарламасының авторы және жүргізушісі болған. 
Владимир Рерих 2012 жылы Германияға қоныс аударған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шымкентте жаңа жылдық безендіруге қанша ақша жұмсалатыны белгілі болды
Бүгін, 15:58

Шымкентте жаңа жылдық безендіруге қанша ақша жұмсалатыны белгілі болды

қосымша іс-шара өткізер болсақ, демеушілердің көмегімен өткіземіз
Қазақстан адам саудасына қарсы күрес бойынша әлем елдерінің екінші санатына кіреді
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған
Қылмыстық іске басшыдан бөлек мекеме қызметкерінің де қатысы бар

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →