Оқиға былтыр қазан айында Шалқар ауданы Аққайтым ауылында болды
Ақтөбеде мектеп директоры әйелі мен өгей қызын пышақтаған. Жұртты дүрсілкіндірген оқиғаға қатысты сот отырысы басталды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
"Астана" телеарнасының хабарлауынша, бұл оқиға былтыр қазан айында Шалқар ауданы Аққайтым ауылында болды. Қылмыстық іс материалдарына жүгінсек, отағасы сол күні Ұстаздар күнін тойлап, үйге мас болып келген. Әйелі төсекті балалар бөлмесіне салғаны үшін ұрыс шығарған. Ақыры айғай шуға ұласып, жүкті келіншегіне екі жерден, ал қызына құлақ шекесіне пышақ жарақатын салған.
"Сендерді өлтіремін, екеуінің басыңды шауып, әкелеріннің алдына апарып беремін. Керек болса, ішіндегі баланы кесіп алып, кіндігімен қоса қолына ұстатамын"деген ауыр сөздер айтып сол қолында ұстаған пышағын Нағашыбайға қарай бағыттап сермеп, оң жақ кеуде тұсын кесіп, сот медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, жеңіл дәрежелі зиян жүзі өткір кесетін заттың яғни пышақтың ден жарақатын салған", - деді Облыстық прокуратураның басқарма прокуроры Арман Қоңырбаев.
Күдікті артынша есін жинап өзінің анасына және інісіне хабарласып, болған жайды айтқан. Мектеп директоры дереу қамауға алынды. Оған екі бірдей бап бойынша айып тағылып отыр. Бірақ күдіктінің қорғаушылары бұл ауыр жаза деп есептейді.
Сот қорғаушының өтінішін қаңағаттандырмады. Жәбірленушінің өзі сотта болған жоқ. Өйткені босанғалы отыр екен. Соттың келесі отырысы 9 ақпанда өтеді.