×

Еліміздегі барлық мектептің қауіпсіздігі тексеріледі

Петропавл қаласындағы мектепте болған оқиғаға қатысты комиссия құрылды

Еліміздегі барлық мектептің қауіпсіздігі тексеріледі
фото: ашық дереккөзден

Еліміздің барлық мектебінде қауіпсіздікті тексеру жұмысы жүргізіледі, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Оқу-ағарту министрінің тапсырмасы бойынша Петропавл қаласындағы мектепте болған оқиғаға қатысты комиссия құрылды. Оның құрамында балалардың құқықтарын қорғау Комитеті, білім саласында сапаны қамтамасыз ету Департаменті, Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының өкілдері бар.

Мектепте қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін орнатылған бейнебақылау камералары мен дабыл түймесі жұмыс істейді. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Сонымен қатар, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың білім басқармаларына еліміздің барлық жалпы білім беретін мектептерінде қауіпсіздікті тексеру жұмысы тапсырылды, - делінген мәлімдемеде.

2022 жылдың 30 наурызында білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Министрлік білім және ғылым саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекітті.

Бұған дейін Петропавлда оқушы мектепке пышақ пен балта алып кіріп, оқушыларды жаралағанын жазған болатынбыз. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті
Кеше, 17:20

Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті

Сарапшылардың айтуынша, ЕАЭО құрамындағы басқа елдердегі жоғары инфляция аясында Қазақстан баға өсімін тежеуді жалғастырып келеді
Аталған жағдай бірінші рет тіркеліп отырған жоқ.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2025 жылдың бес айында Қазақстанда 23,8 мың тонна балмұздақ пен тағамдық мұз өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (2024 жылғы қаңтар-мамыр - 20,3 мың тонна) 17,1% артық.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →