×

Қазақстандықтар Түркияда жер сілкінісінен зардап шеккендерге киіз үй тіге бастады

Бір киіз үйге 20 адамға дейін сияды

Қазақстандықтар Түркияда жер сілкінісінен зардап шеккендерге киіз үй тіге бастады
facebook.com/Казахстанцы в Турции

Жер сілкінісіне байланысты Түркия халқына көмек көрсету мақсатында Кахраманмараш қаласында қазақстандықтар бірнеше киіз үй тіге бастады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Киіз үй алғаш болып Кахраманмараш қаласында орнатыла бастады. Бұл киіз үйлердің Түркияға жеткізілгеніне бірнеше күн болды. Бүгін тағы 84 киіз үй әкеледі», – деді қазақстандық тілші Нұрбек Бекбау Instagram парақшасында.

Оның айтуынша, Түркия халқына қол ұшын созуға Қазақстаннан 12 ерікті келді. Жалпы саны 100-ге жуық киіз үй жеткізілді.

Сондай-ақ, жерлесіміз киіз үйдің бірінде түнеп шыққаны видеодан байқалады.

«Жер сілкінісінен кейін күн тез суытып кетеді. Кахраманмараш қаласындағы жағдайды байқадық. Дала суық. Біз алдымен киіз үйде өзіміз түнеп көрдік, жылылығын тексеру үшін. Жылу құрылғысы, көрпе-төсек және электр плита керек. Бір киіз үйге 20 адамға дейін сыяды», - дейді ол.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →