×

Ауыр дертпен арпалысқан Құрманай Бақтиярқызы дүниеден өтті

Жоспарланған операция. Бес жерден тесіп, жақсы өткен

Ауыр дертпен арпалысқан Құрманай Бақтиярқызы дүниеден өтті
Сурет: Youtube/Сөккен әңгіме

Ақын, асаба Құрманай Бақтиярқызы өмірден өтті. Бұл туралы ақынның парақшасында баласы жазды, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

«Аннашым рабысына қайтты. Дұғада болыңыздар», - деп жазды баласы.

Ол осыдан біраз уақыт бұрын денсаулығы сыр беріп, аурухананың жан сақтау бөліміне түсіп қалған еді.

 «Жоспарланған операция. Бес жерден тесіп, жақсы өткен. Асқазанның ауырып жүргеніне екі жыл болды. Барлық анализдерім жақсы шығып, отадан соң тұрып, үйге қайтқанмын. «Ішек «спайка» болған, тілу керек, әйтпесе болмайды» деді. Ары қарайғысын білмеймін. Комаға түсіп, өң мен түстің ортасында Димаш Құдайбергенмен «мировой» концертте жүрдім. Иә, анық көрінеді. Жиырма күнге жуық ес-түссіз жатқанымды көрген достарым бәріне дайын тұрды. Алланың қалауы ғой, «100 пайыздан пайыздан бір-ақ пайыз үміт бар, бәріне дайын болыңыздар» деген екен... Бұл тақырыпты осымен жабамын. Жаман күндер артта қалды. Бір дертке шипа іздегенімде Алла ауыр, көтере алатын сынақ беріп, он дертімнен айықтырды. Ішекті жуғызды, асқазанның жарасын да, артығын да кесті. Қан да тазарды. Ұйқы бездер орнына келді. Қан қысымы мүлдем жоғалды. Әр қиындықтың артында қайырлы үлкен жеңілдігі мен қуанышы бар деп тегін айтпаған екен. Өзіме емес, көзіме, құнды сөзіме мән бер, халқым! Мен сіздермен сондай бақыттымын», - деп жазған болатын Құрманай Бақтиярқызы. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Темірлан Еңсебек ісі бойынша сот отырысы қашан өтетіні белгілі болды
Бүгін, 12:07

Темірлан Еңсебек ісі бойынша сот отырысы қашан өтетіні белгілі болды

Сот отырысы Наурызбай ауданында өтетін болды
Қардың қалыңдығы 30 см-ге жеткен
Бүгін елімізде Egov порталы жұмыс істемей қалды
Акцияның қатысу үшін өтінімдерді қабылдау 2025 жылғы 1-11 сәуір аралығында жалғасады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →