×

Түркі мемлекеттері ұйымының туы өзгерді

Түркі мемлекеттері ұйымының туы алғаш рет 2012 жылы қабылданған

Түркі мемлекеттері ұйымының туы өзгерді
Фото: t.me/turknws

Бішкекте өткен Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекет басшыларының 11-саммитінде ТМҰ жаңа туы қабылданды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі БАҚ-қа сілтеме жасап.

"Түркия жаңалықтары" телеграм-арнасының мәліметінше, ұйымның жаңа туын Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан көшбасшылары: Ильхам Әлиев, Қасым-Жомарт Тоқаев, Садыр Жапаров, Режеп Тайып Ердоған және Шавкат Мирзиеев бекіткен.

"Түркі мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысы барысында түркі әлемінің ортақ құндылықтарын, бірлігі мен ортақ мәдени бірегейлігін бейнелейтін түркі мемлекеттері ұйымының туын бекіту туралы шешім қабылданды. Сегізбұрышты, жұлдызы бар жарты айды және көгілдір фонда біркелкі бөлінген сәулелері бар күн бейнеленген жалау ұйымның ресми символына айналды. Тудың көгілдір түсі түркі халықтарының тарихи және мәдени бірлігін бейнелейтін ашық аспанды, бейбітшілік пен өркендеуді білдіреді", – делінген хабарламада.

Ақпаратқа сәйкес, Түркі мемлекеттері ұйымының туы былай өзгерді (сол жақта – ескісі, оң жағында – жаңасы):

Еске салайық, Түркі мемлекеттері ұйымының туы алғаш рет 2012 жылы қабылданған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тұрғын үй кезегінде тұрғандардың тізімі дұрыс емес - Олжас Бектенов
Бүгін, 11:08

Тұрғын үй кезегінде тұрғандардың тізімі дұрыс емес - Олжас Бектенов

Жаңа тұрғын үй құрылысы жыл сайын ұлғайып келеді
Омбудсмендер институты –  күрделі мәселелерді шешетін тәуелсіз орган
Жоба мәдениеттер пен халықтар арасындағы диалогты дамытуға бағытталған
Әкімнің айтуынша, тікұшақтың қажеттігі өңірде айқын сезіледі

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →