×

«Тапқан табыс тамаққа кетеді» - вице-премьер халық азық-түлікке қанша ақша жұмсайтынын айтты

Бүгін азық-түлік мәселесіне арналған үкімет сағаты өтті

«Тапқан табыс тамаққа кетеді» - вице-премьер халық азық-түлікке қанша ақша жұмсайтынын айтты
Сурет: primeminister.kz


Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин халықтың азық-түлікке табысының қанша бөлігін жұмсайтынына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Серік Жұманғариннің айуынша, біз өзімізді азық-түлік тауарларымен 80%-дан 100%-ға дейінгі қамтамасыз етеміз. Ет, сүт, жұмыртқа, көкөніс, ұн – бұлардың барлығы ішкі нарық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жеткілікті көлемде өндіріледі.  
Алайда бірқатар тауар бойынша импортқа тәуелділік сақталып отыр (құс еті – 73%, шұжық өнімдері – 60%, балық – 54%, ірімшік және сүзбе – 57%, қант – 42%).  

«Бұл мәселе бізге белгілі және оны шешу мақсатында сүт тауарлы фермаларды, өңдеу кәсіпорындарын, құс фабрикаларын салу бойынша инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, жеңілдетілген қаржыландыру тетіктері енгізілуде», - деді ол Сенатта.  

Вице-премьердің сөзінше, 2022 жылы халықтың номиналды ақшалай табысындағы азық-түлік пен алкогольсіз сусындарға жұмсалатын шығындардың үлесі 23,4% құрағанын айтты. 2023 жылы бұл шығын 22,2% дейін төмендеген. Оның 8%-нан - тоқаш өнімдері мен жарма, шамамен 17% - ет, 5% - сүт және сүт өнімдері, 4% - көкөністер, жемістер, қант және кондитерлік өнімдер.

Сондай-ақ Сенат кулуарында Серік Жұманғарин халық табысының жартысын азық-түлікке жұмсайтыны жайлы сөзбен келіспейтінін мәлімдеді.

«Бүкіл ақшаның, тапқан табыстың жартысы азық-түлікке кетеді дейді. Ол дұрыс емес. Тұтынушылық шығындардың 50 пайызы ол азық-түлікке кетеді. Оны біз жасырмаймыз. Ал тұтынушылық шығындар – біздің тапқан табыстардың 50 пайызы. Себебі біз тек қаражатты тұтынушылық шығындарды азық-түлікке жұмсамаймыз ғой. Несие бар, бала-шаға, қарыздарымыз, оқу бар. Сондықтан табыстың қазір 22,2 пайызын азық-түлікке жұмсаймыз. Арақ-шараптар кірмейді, – деді ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ыстамбұлда Ресей мен Украина делегацияларының келіссөздері басталды
16.05.2025ж. 16:00

Ыстамбұлда Ресей мен Украина делегацияларының келіссөздері басталды

Келіссөздер Түркия президенті әкімшілігінің кеңсесінде өтіп жатыр.
Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі болу үшін үміткерлер 6 кезеңдік  іріктеуден өтуге тиіс
Президент Ормон хан мен Кенесары арасындағы қақтығыс жайлы да жазған.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →