2023 жылдың қаңтарында тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жүрегіне жоспарлы ота жасалды
Қазақстанның бұрынғы президентінің денсаулығы мен жеке өмірі туралы мәліметтер енді мемлекеттік құпияларға жатқызылады және оны таратуға тыйым салынады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бүгін Парламент Сенаты тиісті түзету енген заңды мақұлдап, президенттің қол қоюына жіберді.Депутаттар «Мемлекеттік құпиялар туралы» заңға толықтыру енгізген. Оған сәйкес, енді Қазақстан президент мен экс-президентінің жеке өміріне қатысты ақпараттар заңмен қорғалады.
Мұндай норма «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі, ақпарат, қоғамдық даму, мәдениет және архив ісі салаларында артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына енгізілген.
Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының заңына барлаушылық, қарсы барлаушылық, жедел-іздестірушілік және өзге де қызметті мемлекеттік құпияларға жатқызудан басқа, Қазақстан Республикасы президентінің және оның отбасы мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ұйымдастырылуы, күштері, құралдары мен әдістері туралы мәліметтер, Қазақстан Республикасы президентінің денсаулық жағдайы мен жеке өмірі туралы мәліметтер, Қазақстан Республикасының экс-президенттерінің және олардың отбасы мүшелері туралы ұқсас мәліметтерді енгізу бойынша толықтыру енгізіледі,-делінген қортындыда.
2023 жылдың қаңтарында тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жүрегіне жоспарлы ота жасалды. Алайда хирург Юрий Пя отаның себептерін атаған жоқ.