×

Ресей ережені бұзып, биологиялық қару әзірлеп жатыр – АҚШ

АҚШ өкілінің айтуынша Ресей бұл мәселеде өзіне барынша назар аудартпауға тырысып жатыр

Ресей ережені бұзып, биологиялық қару әзірлеп жатыр – АҚШ
1tv.com

Ресей Федерациясы Биологиялық қару туралы конвенцияның ережелерін бұзып, биологиялық қару әзірлеуді жалғастырып жатыр. Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілі Нед Прайс мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

"АҚШ Ресей Биологиялық қару туралы конвенцияға қол қою кезінде алған міндеттемелерін бұза отырып, шабуылдаушы биологиялық қару бағдарламасын әзірлеуді жалғастырып жатыр деп санайды", – деп атап өтті Прайс.

Ол сондай-ақ Ресей бұл мәселеде өзіне барынша назар аудартпауға тырысып жатқанын айтты.

Нед Прайстың айтуынша, ресейлік үгітшілер көптеген жылдар бойы Украинадағы "биологиялық қару зертханалары" туралы жалған ақпаратты насихаттап келеді. Осылайша, олар өздерінің әскери агрессиясын ақтауға тырыспақ.

Кремль бақылайтын бұқаралық ақпарат құралдары, ресейлік барлауға қатысты ақпараттық сайттар және сарапшылар осы мақсатқа жұмылдырылған.

"Бұл нысандар бір-бірін қайталайтын көптеген дауыстардың иллюзиясын жасау үшін ақпараттық ортаны үздіксіз, аз-аздан алдамшы әңгімелермен толтыру үшін бірге жұмыс істейді", - деді Прайс.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуіне қатысты
16.11.2025ж. 15:00

Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуіне қатысты

Қазір Орталық Азия ауқымды трансформация кезеңін өткеріп жатыр
Жоғары мемлекетаралық кеңесі екінші отырысының қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдеме қабылданды
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, іскерлік топтар арасындағы байланыстарды одан әрі кеңейту қажет.
Өнеркәсіп, құрылыс, мұнай-газ химиясы, қаржы, логистика және туризм салаларында

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →