×

"AMANAT" партиясының кандидаттары: Табысты арттырып, жұмысшылардың құқығын қорғаймыз

Партияның мүддесі - жұмыс берушінің жауапкершілігін және қауіпсіздікті бұзуға мемлекет пен қоғамның бақылауын күшейту

"AMANAT" партиясының кандидаттары: Табысты арттырып, жұмысшылардың құқығын қорғаймыз

Петропавлда Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттығына кандидаттар Галина Семенова мен Владимир Витченко «Изолит» ЖШС қызметкерлеріне «AMANAT» партиясының жұмысшылардың құқықтарын барынша қорғауға жәрдемдесу ниеті туралы айтып берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Кандидаттар атап өткендей, партияның мүддесі - жұмыс берушінің жауапкершілігін және қауіпсіздікті бұзуға мемлекет пен қоғамның бақылауын күшейту.

«Еңбекті қорғау жөніндегі ең төменгі стандарттар арттырылатын болады. Сондай-ақ партия қызметкерлерді кәсіптік және созылмалы аурулардан қорғау бағдарламасын орындау бойынша ірі кәсіпорындар үшін міндетті талаптар мен салықтық ынталандырулар әзірлейді. Жиырма ірі кәсіпорын 2023 жылы осы бағдарламаларды жүзеге асыруы керек. Еліміздің барлық кәсіпорындарында еңбек медицинасы қызметтері жұмыс істейтін болады», - деді Галина Семенова.

Сол күні депутаттыққа кандидаттар «ПетроМаш» зауытының қызметкерлерімен кездесті. Партия өкілдері әңгімелесушілердің сұрақтарына жауап бере отырып, халықты жұмыспен қамтуға бағытталған шаралар туралы баяндады.

«5 жыл ішінде партия кемінде 13 мың тұрақты жұмыс орнын құруға, сондай-ақ кемінде 4 инвестициялық жобаны іске асыруға ықпал ететін болады. Бұдан басқа, біздің жұмысымыз 2027 жылға қарай жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес кәсіпорындарының санын 19 мың бірлікке дейін ұлғайтуға бағытталған. Сондай-ақ бірқатар шаралар орташа жалақыны арттыруға бағытталған», - деді Владимир Витченко.

Үгіт-насихат кездесулері кезінде сұрақтар мен ұсыныстар айтылды. Өз кезегінде кандидаттар зауыт қызметкерлерін 19 наурызда «AMANAT» партиясына дауыс беруге шақырды.

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізім ұсынған «AMANAT» партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бағдат Мусин қызметінен босатылды
Кеше, 19:02

Бағдат Мусин қызметінен босатылды

Ол бұл қызметті төрт жылға жуық атқарды
Көлік құралдарына салынатын салық ставкалары төмендетілуі мүмкін
Тиісті бұйрық Ақорда сайтында жарияланды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →