×

ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау − 2023 жылдың 14 қаңтарында өтеді

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары өкілеттіктері 2023 жылы аяқталады

ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау − 2023 жылдың 14 қаңтарында өтеді
Parlam.kz

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды 2023 жылғы 14 қаңтарға тағайындау туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қаулысы шықты, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының  2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 69-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары өкілеттіктерінің конституциялық мерзімі 2023 жылы аяқталатынына байланысты  2022 жылғы 26 қарашада Президенттің № 4 қаулысы шықты:

 

  1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау 2023 жылғы 14 қаңтарға тағайындалсын.
  1. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдері Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын.
  1. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі – делінген қаулыда.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Конституция жобасында Қазақстан Республикасының қызметінің негізгі қағидаттары едәуір күшейтіліп, кеңейтілген
Реформа «Әділетті Қазақстан» қағидаттарын орнықтыруға, қоғамдық қатынастарды жаңаша реттеуге бағытталған
Жаңа Конституцияда ұлттық бірегейлікті сақтау мен заманауи құндылықтарды үйлестіру идеясы айқындалды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →