×

Ресей қазақстандықтарды жарнама арқылы армияға тарта бастады

Жарнаманың басындағы кадрда Қазақстан мен Ресей тулары көрінеді

Ресей қазақстандықтарды жарнама арқылы армияға тарта бастады
Anadolu Agency

Ресей шетел азаматтарын келісімшарт арқылы Ресей армиясына баруға үгіттей бастады. Бұған бірнеше БАҚ назар аударды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Азаттыққа сілтеме жасап.

Reuters агенттігінің хабарлауыншаҚазақстанның интернет сегментінде "шетелдегі бауырларға" қайырылған жарнама пайда болған. Жарнаманың басындағы кадрда Қазақстан мен Ресей тулары көрінеді және "Плечом к плечу"(иық тіресу) деген ұран жазылған. Ал жарнама мәтінінде Ресей армиясына қосылғысы келетіндерге бір реттік 495 мың рубль, кейін ай сайын 190 мың рубль төлейтіні жазылған. Әскери қимылдарға қатысқаны үшін "қосымша төлемдер төлейтіні" де айтылған. Агенттіктің жазуынша, ұсынылған төлем Мәскеу мен Мәскеу түбіндегі жалдамалы әскерге төленетін ақша көлемімен деңгейлес. 

Грант-2023: Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің толық тізімі дайын

Қолданушы жарнаманы басса, Сахалин облысындағы адам капиталын дамыту жөніндегі агенттік ашқан ресейлік мемлекеттік сайтқа барады. Келісімшартты сол Сахалинде қол қоюды ұсынады. 

Қолданушылар дәл осындай жарнама Арменияның интернет сегментінде пайда болғанын хабарлады.

Еске сала кетейік, Қостанай облысында Украинадағы соғысқа қазақстандықтарды тарту әрекеті тіркелген болатын

Сәуір айында қазақстандық студент Марғұлан Бекеновті Украинадағы соғысқа күштеп апарғаны белгілі болды. Артынша жігіт видеохабарламада Вагнер ЖӘК-ке өз еркімен келгенін айтқан. Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Ресейдің «Вагнер» жеке әскери компаниясына кірген қазақстандық Марғұлан Бекенов туралы пікір білдірді.

Ақпарат құралдарында «Аспан Арба» компаниясы Ресейге 500 дрон жібергені туралы ақпарат тараған.  Осыған байланысты Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Мәжілісте түсінік берді. Кейін Ресейге жеткізілмек болған дрондар Жамбыл облысында тәркіленгені анықталды

Сондай-ақ санкциялардың орындалуын сынап, Ресейдің оған реакциясын жариялаған ресейлік депутат Константин Затулинді Қазақстанға кіргізбей қойды

Ал Григорий Лепстің Қазақстандағы концерті өтпей қалды. Ресей эстрадасының әншілері Григорий Лепс пен Николай Басков желіде Украина қарулы күштерінің жойылған әрбір танксі үшін 1 миллион рубль сыйақы беретінін мәлімдеген.

Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласын Ресей Федерациясының құрамына алуын өтінген әйел 3 жылға сотталды

Жыл сайынғы Global Media Forum конференциясында ресейлік журналист, 2021 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты Дмитрий Муратов отандастарының неге соғысқа қарсы шығып, наразылық білдірмейтіні туралы сұраққа жауап берген болатын. Оның сөзін Qaz365.kz өз оқырманына ұсынған еді. Алайда біз мұнымен шектелмеуді жөн санап, Қазақстанға келген орыстармен тілдесіп, ондағы халықтың неге үнсіз жатқанын сұрадық

Солтүстік Қазақстан облысында қазақ арналары көрсетпейтін елді мекендер бар. Осыған байланысты кейбір жергілікті тұрғындар Зеленскийді террорист деп санайды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →