×

"Жігіттер, бұл сендердің соғыстарың емес" – ҚР СІМ ресми өкілі «Вагнер» қатарындағы қазақстандық жайлы

Оның сөзінше, «ол жақта ешқандай романтика жоқ»

"Жігіттер, бұл сендердің соғыстарың емес" – ҚР СІМ ресми өкілі «Вагнер» қатарындағы қазақстандық жайлы
видеодан кадр

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Ресейдің «Вагнер» жеке әскери компаниясына кірген қазақстандық Марғұлан Бекенов туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Бұған дейін хабарланғандай, біздің елдің азаматы Вагнер жеке әскери компаниясының құрамына өз еркімен кірген. Оның видеосын сіздер көрдіңіздер. Біздің ескерткіміз келетіні – ондай қатарға барып қосылғысы келетіндерге Қазақстанда 5 жылдан 9 жылға дейін сотталады», - деді ол. 

Оның сөзінше, «ол жақта ешқандай романтика жоқ».  

«Жігіттер, бұл сендердің соғыстарың емес. Абайлаңдар. Туған-туыстарыңды ойлаңдар. Бұл жігіт те өз еркімен шешім қабылдаған. Өкінішті, әрине. Біз ата-анасымен байланыстамыз. Ресейдің құзырлы органдарының бәріне сауал жолдадық. Ақпараттарды тексеріп жатырмыз. Қолдан келгенше көмек көрсетеміз. Қазақстанға келсе ол заңға тартылады», - дейді ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Сабыржан Кәрімов Перизат Қайраттың сотты жабық өткізу жөнінде өтінішін қарап, шешім шығарды
Санаулы сәттерден кейін Перизат Қайраттың соты басталады
Үшарал әуежайы мен Ақши ауылы арасында автобус маршруты ашылады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →